ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨЗҚАРАСТЫ БАЛА КЕЗДЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ

20:47, 13 сәуір 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты бала кезден қалыптастыру маңызды. Өңірге жұмыс сапарымен келген арнайы мониторингтік топ мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын бағамдау мақсатында мектеп оқушыларымен, студенттермен және жам мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

«Адал ұрпақ» еріктілерн клубы өсіп келе жатқан өреңдердің бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында еліміздің барлық мектептерінде құрылған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобы Петропавлдың  №8 мектеп кешенінің «Адал ұрпақ» клубының жұмысымен танысты.

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мектепке келіп, тамаша балаларды, білікті мұғалімдерді көріп қуанып жатырмыз. «Адал ұрпақ» клубы арқылы  жеткіншектерді патриоттыққа баулып, еліне адал болуға тәрбиелейді. Небары 10-15 жылдың ішінде бұл балалардың әр-қайсысы белгілі бір қызметке келіп, Отанының  болашағын ойлайтын азаматтар болады.  

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелігіне 1 мен 11 сынып аралығындағы оқушыларалынады. Ұйымға тек белсенді, оқуда озат балалар қабылданады. Кезекті салтанатты қабылдау рәсіміне арнайы мониторингтік топ мүшелері де қатысты. Олар балаларға галстук пен таңбаша тағып берді.

ТАМЕРИС АЯҒАНОВА, «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мені бүгін «Адал ұрпақ» клубына қабылдады. Мен өте қуаныштымын. Мұнда бізді елге адал, әділетті болуға үйретеді. Әрқашан шындықты айту керектігін айтады. Адал болсаң, болашағың да бақытты болады. 

Кейін мониторингтік топ М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не барды. Мұнда олар  студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты.

ГҮЛНАРА УӘЗІРОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Студенттерге қызмет көрсету орталығында студенттер академия алу, жатақханаға орналасу, экономикалық, қаржылық, әлеуметтік және тағы басқа  мәселелерін шеше алады. Орталық 3 кезең бойынша дамиды.  

Студенттерге қызмет көрсету орталығы ел Президентінің биылғы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында ашылғалы отыр. Басты мақсаты студенттердің білім алу жағдайын жақсартып, бір терезе қағидасы арқылы қажетті  құжаттарды кабинеттерді араламай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік беру. 

АРМАН БЕРДАЛИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- Қазақстанның барлық жоғару оқу орындарында студентік қызмет көрсету ортылығы ашылып, бүгін нәтижелі жұмысын жасап жатыр. Біз барлық өңірлерді аралап студенттердің осы орталықтарға көңілдері тола ма, жоқ, қандай ұсыныстары бар екендігін байқап жүрміз.  

Жаңа қызмет көрсету орталығы университетте биыл қыркүйек айында №2 корпустың бірінші қабатында  жұмысын бастайды. Әуелі студенттерге 7 негізгі қызмет түрі көрсетіледі. Кейін жұмыс тобы мемлекеттік қызметке енді кіріскен  мамандармен кездесті. С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапхана өткен жиында қызметтік этика мәселесі қарастырылды.

МАДИНА НАУРЫЗБЕК, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мемлекеттік қызметкерлердің этикасын көтеру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылды. Этика жөніндегі Кеңес құрылып, бұл норманың сақталуын қатаң бақылайды. Нәтижесі де бар. Егер 2015 жылы 746 тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 422 адамды құрады. Өткен жылы этикалық нормаларды бұзып жауапқа тартылғандардың саны тағы да азайып, 396-ны құрады. 

Мониторингтік топ мүшелері өңірдің барқатар нысандарын аралап, ондағы сыбайлас жемқорлықтың  алды алу жұмыстарына оң бағасын берді. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, сыбайлас жемқорлық

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...