ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

СЫЙАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

20:36, 17 ақпан 2020

Енді жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамға   10 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі.  Бұл туралы    сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері хабарлады. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысына сәйкес тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді. Ол 15 ақпаннан   өз күшіне енді. 

Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы 1000 АЕК – тен аспайтын болса сыйақы сомасы қылмыстың санатына  қарай 30  бен 100 АЕК аралығында   ауытқиды. Ал  пара 1 000 АЕК-тен асса сыйақы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды. Аталмыш көтермелеу сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылып отырған шара дейді мамандар. Хабарлаушыларға сыйақы жүйесі Германия, АҚШ сынды бірқатар шет елдерде жақсы нәтиже көрсеткен екен. Бұған дейін оның сомасы құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленіпті.  

НҰРЛАН ЖАХИН,  СҚО БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Кез-келген азамат сыбайлас жемқорлық ақпаратты 1424 біздің агенттіктің колл-центріне хабарлауға мүмкіндіктері бар. Біз жедел арада осы кез-келген хабарлама бойынша жедел түрде белгілікті шараларды қабылдаймыз. Жалпы хабарлаған азаматтың аты-жөні бәрі құпия сақталады. Қағидаларды барлығында ескертілген. Қылмыс заңды түрде анықталып, сот үкімі шыққан соң департамент басшысымен сыйақы беріледі. Ол республикалық бюджеттен бөлінген қаражат.

Айта кетейік, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне пара фактісі туралы хабарлаған 9 азаматқа  жалпы 1млн  теңгеден астам сыйақы берілген. Ал биыл анықталған жемқорлық фактілеріне әлі сот үкімі шықпаған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...