ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ТАБИҒИ ӨНІМ

17:51, 11 шілде 2019

Анолит – қарапайым судың негізінде жасалатын дезифекциялық және залалсыздандыруға арналған сұйықтық.  Өңір тұрғыны Гүлшат Шәкірова тұрмыста , медицинада, ауылшаруашылықта қолданылатын заттың өндірісін жолға қойды. Кәсіпкердің бұл жобасы 2016 жылы «Даму» қорынан грантқа да ие болды. Оған қоса, бизнесвумен анолитті пайдалана отырып, иіс сабынды жасауды да қолға алды.

Үш баланың анасы Гүлшат Шәкірова соңғы жылдары дәріханалардан дәрі-дәрмекті сатып алуды қойды. Барлық дерттерді олар анолитпен емдейді. Айтуынша, кезінде бұл сұйықтық оны онкологиядан да құтқарыпты.

ГҮЛШАТ ШӘКІРОВА, КӘСІПКЕР:

- Анолит бүкіл әлемге танылып, нәтижелі қолданып жүрген тамаша сұйықтық. 1974-ші жылы оны Қазақстанда ойлап тапты деген мәліметті де естідім.  Анолиттің қасиетін жан жақты зерттеп , бұл затты шығаруды ұйғардым. Жобамның  арқасында 2016 жылы грантқа ие болып, өндіріске қажетті аппаратты сатып алдым.

Анолиттің көмегімен Гүлшат көкөністерді де өсіреді. Өнімділігі әлдеқайда жоғары дейді ол.  Оған қоса, қолға алған иіс сабын өндірісінде де анолитті қолданады. Сабынды жануарлар майын қайнатып, оған түрлі шөптерді қосып жасайды.

ГҮЛШАТ ШӘКІРОВА, КӘСІПКЕР:

- Дүкендерден жуғыш заттарды мүлдем сатып алмаймыз. Иіс сабын, сұйық сабын мен кір жуу құралдарын өзіміз жасаймыз. Дайындау әдісін маған әжем үйреткен еді. Құрамына  үйдің маңында өсіп жатқан түймедақ,бақбақ, қалақай, қызым өсіретін жалбыз шөбін қосамыз. Пісіріп болған соң, ол бір жыл бойы тұруы керек. 

Табиғи өнімдерін кәсіпкер қаланың сауда нүктелерінің бірінде сатады. . Алайда табыс табу үшін бұл аз. Қазір өндірушілер тауарларын өткізудің өзге амалдарын іздеп жатыр.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...