ШҰҒЫЛ! ҒАРЫШПЕН АЛҒАШҚЫ БАЙЛАНЫС Толығырақ

Тайынша қаласында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңес беру орталығы ашылды

12:25, 18 наурыз 2017

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» солтүстікқазақстандық филиалы ауылды жерлерге жақындай түсті. Қаржы институты Тайынша ауданының орталығында кеңес беру бөлімшесін ашты. Енді ауылдықтар Петропавлға бармай-ақ, банктің салымшысы бола алады. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Бүгінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облысымызда 26 мың  салымшысы бар. Былтырдың өзінде солтүстікқазақстандықтар 11 млрд теңгеден астам қаражатын бұл банкке сеніп тапсырды. 2016 жылдан бастап, қаржы институтының географиялық картасы да кеңеюде. Осы жолы банктің кеңес беру орталығы Тайынша қаласында салтанатты түрде ашылды. 

Нұрлан Мерғалімов кеңес беру орталығының алғашқы клиенті. Жас азамат болашақта баспаналы болуды көздейді. Алайда, жұмысына байланысты бұрындары қалаға барып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» кеңес алуға уақыты болмаған.   

Айта кеткен жөн, биыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» солтүстікқазақстандық филиалы Петропавлда 7 көпқабатты үй халық игілігіне тапсырылады. Ол дегеніміз   600-ге тарта отбасы баспаналы болмақ.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ  АҚПАРАТТАНДЫРАДЫ
21:18, 15 ақпан 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТАНДЫРАДЫ
Толығырақ...
М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНАН 1731 АДАМ КӨШІП КЕТТІ
21:08, 15 ақпан 2018
М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНАН 1731 АДАМ КӨШІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ВЕНЕЦИЯЛЫҚ ЕГІЗДЕР» СПЕКТАКЛІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
21:25, 15 ақпан 2018
«ВЕНЕЦИЯЛЫҚ ЕГІЗДЕР» СПЕКТАКЛІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...
БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
14:30, 14 ақпан 2018
БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...