ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ТАРИХҚА ЗЕР САЛАТЫН КӨРМЕ

17:53, 10 қаңтар 2019

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түп-тамырымызды біліп, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік тудырады. Аталмыш мақала аясында шаһарымызда көптеген мәдени іс-шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Соған сай, өңіріміздегі С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 9 бөлімнен тұратын,300 кітапты қамтитын көрме тұрғындар назарына ұсынылды.

Өңір тұрғындары мен қала қонақтарын Елбасы мақаласымен таныстырып, төл тарихымызға үңілту мақсатында құрылған аталмыш көрме жылдың соңына дейін көрермендер назарына ұсынылатын болады. «Тарихын біліп, бағалайтын елдің болашағы зор» деп Елбасымыз атап өткендей , көрмеде  тарихымызға сыр шертетін құнды кітаптар мен ғылыми еңбектер қойылған. Өзінің 40 жыл өмірін археологиялық қазбаларға арнаған, жерлесіміз Виктор Зайберттің ғылыми еңбектері мен кең байтақ еліміздің символдары туралы тың мәлімет берген «Казахстаника» кітабын да кездестіруге болады.

НАЗИРА ЫСҚАҚОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

- Ең елеулі кітап ретінде «Казахстаника» кітабын атап өте аламыз. Онда елбасымыз айтқандай жүрек, алма,қызғалдақ бейнеленген. Жүрек Қазақстанның тату мемлекет екенін білдірсе, алма мен қызғалдақ Қазақ елінің отаны болып саналады.

Аталмыш көрмені тамашалауға келген облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерінің  айтуынша олар  ерекше әсерге бөленген. Көрмеде ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз, киелі орындарымыз бен Ботай мәдениеті жайлы мәліметтер кеңінен ұсынылған.

СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Әрине біздің барлығымызға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қызығушылық тудырды. Жаз мезгілінде Айыртау ауданына барып, Ботай мәдениетімен танысқан болатынбыз. Және осы мақаланы толығымен оқып, Ботай туралы айтылғандығын естіп қуанып қалдық. Кітапхана әкімшілігі мен ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

Тарих біздің болашағымыз. Әрбір жас ұрпақ өткенге  зер салып, жадында сақтаса, еліміздің іргетасы мықты болмақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
21:12, 17 қаңтар 2019
БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...