ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ТЕХНИКА АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

13:01, 6 қыркүйек 2019

Қымбат ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткзудің тиімді жолы бар. Биыл өңір аграрийлері «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жергілікті филиалы арқылы 500-ге жуық техниканы лизингке алыпты. Қара жұмысқа арналған көлік жылдық 17 пайыз сыйақы ставкасмен ресімделеді. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонда қарыз алушыға  7 пайызбен беріліп тұр. Бұдан басқа негізгі берешекті жылына бір рет, ал пайыздық мөлшерлемесін тоқсан сайын төлеу мүмкіндігі қарастырылыпты. Мұндай жеңілдікті 10 жылдан артық уақыт пайдаланып жүргендер бар. Солардың бірі – «Новомихайловское» серіктестігі. Компания 15 жылдың ішінде 776 млн теңгенің келісім шартын ресімдеген. Сөйтіп, машина-техника паркінің едәуір бөлігін жаңартып алыпты. 

«Новомихайловское» серіктестігі – Мамлют ауданындағы іргелі кәсіпорындардың бірі. 15 мың гектарды ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланады. 73 пайызына дәнді, майлы дақылдар сіңіреді. Қалған жерге қазақтың ақ бас сиырын жайып, малдың жем-азығын өсіреді. Агроқұрылым тапқан табысының көп бөлігін әлеуметтік салаға бағыттап жатыр. Ал машина-техника паркін жаңарту жағын оңтайлы әдіспен шешуде.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- 15 жыл бойы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қызметін тұрақты пайдаланамын. Осы мерзім аралығында қаржы ұйымынан 776 млн теңген қарыз алыппын. Нәтижесінде техникалардың 50 пайызын жаңартып алдым. Еңбек өніміділігі артты. Замануи техникаға отырғанына Механизаторлар да риза.  Биылдың өзінде машина-трактор паркін жаңғыртуға 334 млн теңге жұмсадым.  Үш МТЗ тракторын, Бурго дән сепкішін, астық тиегіш машина, шөп тығыздағыш және КЛАСС фирмасының тракторын лизинге алдым. 

Вячеслав Щёголев жұмыс сапасының анағұрлым  жақсарғанын айтады. Күзгі жиын-терім ысырапсыз мерзімінде орындалады. Қазір алқап басында 10-нан астам шетелдің техникасы жүйткіп жүр.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Ауыл шаруашлығы техникасының кез-келген түрін лизингке алуға болады. Тек төлем қабілетін растауы қажет. Алынатын техника кепілдікке қойлады. Басы артық мүлік сұратылмайды.  Мен лизингті жылдық 17 пайыз сыйақы ставкасмен ресімдедім. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонда техника заемшыға 7 пайызбен беріліп тұр. Қарызды 10 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Негізгі заемды жылына бір рет, ал пайыздық сыйақы мөлшерлемесін тоқсан сайын төлейді. Бұл аграрийлер үшін зор қолдау. 

ӘСЕЛ МАМБЕТОВА, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ НЕСИЕ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ:

- Биыл өңір аграрийлері 23,7 млрд теңгеге техника сатып алды. Сол сомманың 60 пайызы, яғни 14,1 млрд теңге «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы бойынша бөлінді. Сөйтіп, 493 бірлік техника лизингке берілді.  Техника сатып алу жөнінен Мамлют, Аққайың, Тайынша аудандары белсенді. Біздің филиал жоспарды ойдағыдай орындап, 13 млрд теңгені мерзімінде игерді.

Тауарға қажетті бастапқы жарнаны мемлекет береді. Ол бүгінде техника құнынның 15 пайызын құрайды. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...