ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ТЕЛЕВИЗИЯ ШЕБЕРЛЕРІ

20:40, 26 маусым 2020

Журналист, оператор, редактор, режиссер, монтажер.  Көгілдір экраннан көретін сюжет пен  хабар осы мамандардың ұжмдық еңбегі. «Qyzyljar»  телеарнасы күн сайын солтүстікқазақстандықтардың өмірі, мәдениеті, тарихы жайлы материалдарды жиып бағдарлама жасайды.  Бүгінгі бейнематериал  үнемі экранның ар жағында жүретін маман иелері жайында болмақ. Келесі бейнематериалға зер салайық.

1983 жылы бойжеткен Ирина Купина   телевизия әлеміне еніп, режиссер мамандығын меңгере бастайды. Жылдар бойы көптеген тікелей эфирлер мен бағдарламалардың көрермен назарына тиісті түрде жетуі үшін жауапты болған. Бүгінде бас режиссер атанып, алдына келген барлық тілшілермен бар білімімен, тәжірибиесімен бөліскенді жөн көреді.  Ирина Анатольевна сүйікті телеарна көрермендері үшін естеліктерімен де бөлісіп берді.  

ИРИНА КУПИНА, «QYZYLJAR»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА  РЕЖИССЕРІ:

- Жұмысқа орналасқаныма 1 ай болған кезде жаңалықтарды тікелей эфирде беріп отырғанмын. Сол кезде диктордың артында жаңалықтар немесе новости деген ағаштан ойылып жасалған сөз болған еді. Жаңалықтарды қазақ тілінде жүргізетін диктор эфирге шығып, бағдарламаны бастап кетті. Сол кезде павильонға жауапты адам тікелей эфир болып жатқанын ұмытып кетті ме планға кіріп қазақ тіліндегі тақтайшаны орысшаға ауыстырды. Барлығымыз аң-таң болдық. Көрермендер де бұл жағдайды байқаған болар. Осы бір сәт мәңгі есімде қалатыны айдан анық.

Думан Құлыбеков Қызылжар телеарнасында 5 жылдан аса уақыт бейнемонтаждаушы болып еңбек етеді. Күніне 3 сюжет, бірнеше бағдарлама мен фильмдер жасайды. Хабардың  қызықты, әрі тартымды ету  арнайы компьютерлік бағдарламаны  меңгерген маманның мақсаты. Ал, әрбір материалдардың сюжеті әр түрлі болуы үшін, монтаждаушы  маман асқан шығармашылық көзқарасқа ие болуы тиіс, деп есептейді Думан.

ДУМАН ҚҰЛЫБЕКОВ , «QYZYLJAR»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ  БЕЙНЕМОНТАЖДАУШЫСЫ:

- Түсірілім барысында түрлі жағдайлар болып жатады. Сондықтан біздің алдымызға бейнепландардың барлығы бірдей жарқын түсті, көзге жағымды бола бермейді. Біз түрлі монтаждау құралдарын қолдана отырып, сіздерге ұнайтын бейнероликтер мен жаңалықтар сюжетін жасаймыз. Әрине біздің жұмыс күніміз тікелей журналистермен байланысты.

Телевизия әлемінде барлық қызметкерлердің жұмысы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Әрине БАҚ өкілдерінің ажырамас бір бөлігі бұл операторлар. Өлмейтін, өшпейтін, таптырмайтын мамандық иесі атанған Юрий Ысқақов, қажетті қасиеттерді бойына сіңірген, тәжірибесі мол қызметкер.

ЮРИЙ ЫСҚАҚОВ, «QYZYLJAR»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ  ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ:

- Телекөрермендер үшін үнемі сирек кездесетін кадрларды көрсетуге тырысамын. Қыстың қақаған суығында да, жаздың ыстық күні болса да сүйікті көрермендеріміз үшін жұмыс істуге дайынмын.

Бүгінгі ақпараттық бейнесюжетте телеарна көрермендері үшін экранның ар жағында қалатын маман иелерінің жұмысымен таныстыруға тырысып бақтық. 60 жылдық тарихы бар Қызылжар телеарнасы көзі қырақты көрерменге 14 сағат бойы аймақта  болып жатқан маңызды оқиғаларды боямасыз жетікізіп отыр.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...