ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ТЕРЕКТІҢ ҰЛПАСЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ

17:20, 1 маусым 2020

Кеше түнде облыс орталығында теректің ұлпасынан өрт шықты. Салдарынан  сауда үйінің қоймасына зақым келді. Сондай-ақ 17 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның бесеуі – бала. Тілшіміз сабақтасын.

Супермаркеттің қоймасы түнде отқа оранған. Құтқарушылардың айтуынша, ішінде адам болмаған. Және қойма  көппәтерлі баспананың бірінші қабатында орналасқан. Өрт шықты деп дабыл түскен кезде  оқиға орнына бірден  екі өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. 

НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өрт 10 шаршы метрді шарпыды. Түнгі сағат 23:48 жалын толығымен өшірілді.  Қоймадағы картон қораптар жойылып, электр сымдары зақымдалды.Қойманың үстінде пәтерлер орналасқан. Онда тұратын 17 адам далаға шығарылды. Біздің ойымызша, бейтаныс адамдар маңайда теректің ұлпасын тұтатқан. Өрт содан шықты деген жорамал бар.

Қазіргі таңда от қойғандар іздестірілуде. Құтқарушылардың ересектерге өтініші бар. Ойын балаларына баскөз болу қажет дейді. Себебі қазір теректің ұлпасы балкондар мен подездердің қуыстарына жиналып қалған. Шырпы тисе,лезде тұтанып, қызыл жалын қас қағым сәтте маңайды шарпиды. Ауладағы көліктер отқа орануы мүмкін.  Сынап бағанасы жоғарылаған сайын көпшілігі шомылуға асық. Бірақ, барлық жерде бірдей жағдай жасалмаған. Өткен айда шомылуға рұқсат етілмеген көлдерде екі адам суға батып кетті. 

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мамыр айында Тимирязев және Аққайың аудандарында екі адам суға кетті. Біреуі балықшы- 49 жаста. Екіншісі, 22 жастағы жігіт жүзе білмеген. Шағын көлге мас күйінде түскен. Жанында малти алмайтын досы болыпты. Батып жатқан жолдасын құтқара алмады. 

ТЖД -нің мәліметінше жалпы өткен аптада 56 төтенше жағдай тіркелсе, соның 9-ы тұрмыстық өрт және бір жағдайда көлік жанған.   

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...