ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

17:17, 29 мамыр 2020

18 мамырдан бастап тауарлар мен КӨРСЕТІЛЕТІН қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті,  полицейлермен бірГЕ өңіріміздегі адамдар көп жиналатын орындарға рейд жүргізуде. Мақсат, мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау. Бүгінге дейін әзірге 1400 мекеме мен 27 автобус тексерістен өткен. Олардың арасында тәртіп бұзғандар бар.

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Елімізде тж аяқталғанымен, карантин режимі сақталуда. 18 мамырдан бастап қазіргі күнге дейін мамандар өңіріміздегі 1400 мекемені тексеріпті. Олардың 25-і сақтық шараларын ұстанбаған.

Құзырлы органдардың мақсаты – санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру. Қауіп бар, індет өршімеуі үшін сақтық шараларын ұстанған абзал.

ГҮЛНАРА ЖАҚСЫЛЫҚОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Осы уақытқа дейін 10 бағытта жүретін 27 автобус тексерілді. Олардың арасында сақтық шараларын ұстамағандар да анықталды. Олар 25, 25 А, 21, 19, 24,14 және 4А қоғамдық көліктері. Яғни, автобус жүргізушісі маскасыз отыр.  Көлік ішінде арнайы зарарасыздандыратын құрылғы жоқ. Және медициналық бетпердесіз жолаушыларды отырғызған. Оларға ескертулер жасалды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, полицейлермен бірге адамдар көп жиналатын орындарды яғни, дүкендер, кеңселер, бюро және қызмет көрсету салондары мен дәмханаларға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде тәртіпке бағынбаған 25 -і анықталса, олардың 5-еуі  бойынша сот шешімі шықты. Карантиндік тәртіпке бағынбаған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілерге 100 АЕК, орта кәсіпкерлікке 200 ал ірі кәсіпкерлікке 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

НАТАЛЬЯ БЕЛЯЕВА, СҚО  ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «ДАНА» шаштаразы, ,"Мотомир"  және Салтанат» дүкендері мен «центр плова» дәмханасы талаптарды сақтамаған. Келушілер арасында маскасыз жүргендер бар. Даяшылар да қолғапсыз қызмет көрсетті. Және адамдар арасында арақашықтық сақталмаған. Сот шешімі шығып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта тұрғындар арасында қоғамдық көлік мәселесі өзекті. Талапқа сай, автобус ішіндегі жолаушылар  отыратын орындық санымен сәйкес болуы керек.  Алайда, көліктің аздығынан бұл тәртіпке бағынбайтындар көп. Сондықтан да, мамандар автобустардың  санын көбейтіп, уақытылы жүруін қатаң бақылауға алу керек деп отыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...