ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ТІЛ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ИГІ ҚАДАМ

20:42, 3 қыркүйек 2019

Жаңа әліпбиге көшу жұмыстары елімізде кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр. Петропавлда Жас Отан жастар қанатының ұйымдастырумен өңірдің белсенді жастары арасында «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты дебат өтті. Білімділердің пікірталасы жайлы келесі бейнематериалда.

Біржан Тұрғанбай М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың түлегі. Бұған дейін де талай дебатқа қатысып, тәжірибесі шыңдалған жігіт. Бұл жолы тіл туралы пікірталасқа түспек. Оның пікірінше, латын әліпбиіне көшу, ана тілімізге жаңа серпін беріп, Президент айтқандай халықаралық дәрежеге шығуына жол ашпақ.

БІРЖАН ТҰРҒАНБАЙ, ҚАТЫСУШЫ:

- Жалпы бүгінгі дебатқа біз бірінші рет қатысқалы жатырмыз. Өте мықты дайындықпен келген қатысушылар. Өзімізге сенімдіміз, бізде осал емеспіз деп ойлаймыз. Жалпы бұл латын әліпбиіне ауысу Қазақстан үшін, жастар үшін әсіресе болашаққа, заманауи технологияларға өте маңызды деп санаймын өз басым.

Петропавлда бұл тілге қатысты өтіп отырған алғашқы дебат. Одан қалды үш түрлі форматта өтуде. Басты мақсат өңір жастарының тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, Президент бастаған салиқалы саясатқа қолдау білдіру.

КСМ: АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Қатты ерекшеленеді деп айтуға болмайды. Бірқта бұл дебатта бір сәтте үш форматта өтететін болады. Сол себепті, біздің турнирымыз үш аудиторияда өтеді. Ал одан алдыңғы дебатар БПФ немесе тек қана АПФ форматтарында өткен болатын. 

Дебат «Американдық», «Британдық» және «Линкольн-Дуглас» деп аталатын үш түрлі форматта, қазақ және орыс тілдерінде өтті. Пікірталас алаңында 2 адамнан жасақталған 12 құрама команда бас қосып, латын әліпбиіне көшу мен оның тиімділігі жайлы әңгіме өрбітті. Сайыс ережесі бойынша әрбір қатысушы 5 минутта өз ойын толық жеткіуі тиіс.

РҮСТЕМ АРМАНОВ, ТӨРЕШІ:

- Дебат қатысушыларға түрлі тақырыптарға немесе мәселерге басқаша қырмен қарап, оны аңғаруға, түсінуге мүмкіндік береді. Бүгін ойлары жүйрік, білімді жастар житналып отыр. Ола бүгінгі пікірталаста өзара піікір алмасым, ой өрісін кеңейтеді деген ойдамыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша қазан айында дәл осындай тақырыпта және форматта мектеп оқушылары арасында пікірталас өтпек. Оған барынша көбірек қатысушы тартылады деген жоспар бар. Сәтін салса бұл бастама республикалық дейңгейде де жалғасын таппақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар