ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ – ТИІМДІ ҚҰРАЛ

18:15, 5 шілде 2019

Бүгінде еліміздің қаржы секторында халыққа қолайлы жағдайдың бәрі жасалған.  Еңбекақы ай соңында карточкаға түседі,  банкке шапқыламай-ақ несие алып немесе депозитті толтыра аламыз. Одан қалды ұзын сонар кезекке тұрмай - ақ коммуналдық ақы мен салықтарды төлей салуға және қалтамызда қаражаттың бар жоғына қарамастан дүкеннен керек жарағымызды сатып алуға болады. Дегенмен осы аталған жеңілдіктерді өңір тұрғындарының барлығы бірдей қолдана бермейді екен! СҚО республика бойынша төлем карточкаларын қолдану көрсеткіші жағынан соңғы орындарда. Бұған себеп не? Түсірілім тобымызбен осы мәселенің мәнісін білмек болдық

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Дәл қазір біз қаладағы сауда орталықтарының біріндеміз. Мұнда хылықпен, яғни тқрғындармен тілдеспекшіміз. Олар төлем карточкалары арқылы есеп айырысқанды жөн санайды ма әлде қолма – қол ма? Соны біліп көреміз/

Раиса Бушуева осыдан бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан. Содан бері зейнетақысы карточкаға түсіп отырады. Дүкеннен керек жарағын тек төлем карточкасы арқылы сатып алады. Осылай есеп айырысу әлдеқайда оңай дейді қала тұрғыны.

РАИСА БУШУЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте ығайлы әрі оңай. Ең бастысы маған ұнайды. ақша алып жүрудің қажеті жоқ.Ең бастысы қауіпсіз.  Егер жоғалтып алсаң банкке хабарласып карточканы бұғаттатуға болады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- ҚР Ұқттық Банкінің СҚОФ мамандарының айтуынша жыл басынан өңір халқы қаладағы дүкендер мен сауда үйлерінен 20 млрд теңгеге сауда жасап,  карточкалары арқылы есеп айырысқан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда екі есеге көп.

Төлем карточкалары әлем елдерінде 60 – жылдардың ортасынан бастап қолданысқа енгенімен, Қазақстанға тек 1994 жылы ғана келді. Дегенмен аз уақыт ішінде пластик карталар төлем жүйейісінің маңызды бөлігіне айналып үлгерді. Петропавл тұрғындары да есеп айырысудың осы түріне бірте-бірте көшіп жатыр.  

- Дүкенге келіп сауда жасасақ міндетті түрде төлем карточкаларымен есеп айырысамыз. Өйткені әр затты сатып алғанда бонустар мен кешбектер түсіп отырады.

Ал мен карточкамен де қолма – қол да есеп айырыса беремін. Сондықтан әрдайым өзіммен бірге ақша алып жүрем. Өйткені кейбір дүкендерде әлі пост терминалдар жоқ.

ҚР Ұлттық банкінің СҚОФ директоры орынбасарының айтуынша жыл басынан өңір халқы  135,8 млрд теңге көлемінде төлем карточкаларының қызметін пайдаланған.   Бұл өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Дей тұрғанмен бұл салада республика бойынша төменгі орындарда  келеміз.

БАҚЫТ СӘБИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРы:

- Төлем  карточкаларын қолдану көрсеткіші облысымызда 15 процентті құрап отыр. Ал басқа өңірлерде, жалпы респубика бойынша ол 40 процент. Сондықтан осы салада атқарар жұмыс көп. Шындығына келер болсақ облыстағы көптеген дүкендер мен сауда орталықтарында пост терминалдар жоқ. Жақында ғана аталған мәселеге қатысты заң бекітілді. Енді барлық сауда орындары төлем карточкалырын қабылдауға міндетті.

Бүгінде облысымызда 1526 дүкен мен сауда үйлерінде ғана төлем карточкларымен есеп айырысуға болады. Ал ондағы пост терминалдар саны 3084, банкоматтар 316. Ұлттық банк жариялаған мәліметке сүйенсек СҚО – да 362 мың адам төлем карточкаларын қолданады. Ал айналымдағы пластик карталардың саны 398 мыңға жуықтайды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...