ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ТОПЫРАҚТЫ ТЫҢАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

18:10, 9 тамыз 2019

Топырақты тыңайту мәселелері. Осы тақырып бойынша Аққайың ауданында дала күні шарасы өтті. Өңір аграрийлері «Дайындық-Агро» серіктестігінің тәжірибе алаңында бас қосып, минералдық тыңайтқыштардың дақыл шығымдылығына әсерін көрді.

Биылдан бастап  «BAYDALA» серіктестігінің мамандары Қостанай, Павлодар алқаптарында топырақ пен өсімдіктің құнарын артыру бойынша тәжірибе өткізуде. Аталмыш жобаға солтүстіктен «Дайындық-Агро» серіктестігі қатысып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, Аққайың ауданында азот пен фосфор мөлшері төмендеп кеткен.

АЙБЕК ТӨЛЕГЕНОВ6 «BAYDALA» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Көктемгі дала жұмыстарында күн райы қолайсыздау болды.  Топырақтағы ылғал мөлшерінің есебінен минералды тыңайтқыш жерге және өсімдікке оң әсерін тигізді. Біз бидай, арпа,  зығыр, жүгері сынды дақылдарға тәжірибе өткіздік. Минералды тыңайтқышты жерге сіңірдік және өсімдіктің сабақтарына шаштық. Ұсынған аммофос , нитроаммофос өнімнің шығымдылық көрсеткішін 1,5 -5 центнерге дейін ұлғайып отыр.

Минералмен тыңайтылған алқаптың әр гектарынан 20 центнер бидай, 25 центнер арпа,  12 центнер зығыр шығады деп күтілуде.  Соя бойынша тұжырым шығаруға әлі ерте.  Аграрийлердің айтуынша, аталған дақыл түрі мерзіміне сай жетіліп келеді, шығымдылығы жаман емес. Ақан Барлұбаев осы дақыл түрінің өңірімізде қалай өсетінін көру үшін дала күні шарасына  әдейілеп келген. Келесі жылы сояны өсірмекші. Экономикалық жағынан тиімді дейді. 

АҚАН БАРЛҰБАЕВ, «ӘЛТИ-ГАРАНТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Мен сояның екі түрін қолымда ұстап тұрмын. Салыстырып көрдім. Тыңайтқышпен өсірілгені жақсырақ. Сабағы биіктеу,тамыры мықты. Бұршақ қалбыршықтары екеу емес, үшеу. Демек, шығымдылығы жақсы деп баға бердім. Соя қымбатқа бағаланатын дақыл түрі. Осы дақылдың солтүстіктің климаттық жағдайында қалай өсетінін көру үшін дала күні шарасына әдейілеп келдім.

Осы жерге сіңірілген тыңайтқыштар «ЕвроХим» компаниясының өнімі.  Олар минералды өндіру жөнінен әлем бойынша ондыққа енеді екен. Қазақстанға кіргеніне көп бола қоймаған. Айналдырған үш жылдың ішінде нарықтың 10 пайызын иемденіпті. Олар өнімдерін сатпас бұрын клиенттің жерін зерттеп,  тыңайтқышты қолдану бойынша нақты консультация беретін көрінеді.

ҚАНАТ КАНАФИН,  «ЕВРОХИМ» ЖШС САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 3 жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысында тәжірибе жасадық. Нәтижесінде қант қызылшасының өнімділігі 30-дан 100 тоннаға дейін, мақтаның шығымдылығы 20 пайызға артты. «ЕвроХим» компаниясы фосфорлық, азоттық тыңайтқыштарды өндіреді. Солтүстік Қазақстанда  аммофос , аммиак селитрас, сульфоаммофос, КАС -32 азотты тыңайтқыштарға сұраныс жоғары. Соңғысын рапс пен бидайдың шығымдылығын жақсартады.

Дала күні шарасы барысында ауыл шаруашлығы саласында қолданысқа енгізіліп жатқан соны жетістіктер шаруалардың назарына ұсынылды. Мына жылжымалы құрылғы 30 сантиметрге дейін жерді көлденең бұрғылап, әп сәтте сынамасын экранға шығарады. Бұл шетелдіктердің ойлап тапқан дүниесі.  

АРЫСТАН ҚОЙШЕКЕН, «AGROSMART KZ» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ:

Топырақ сынамасын автоматты агрохимиялық сараптама жұмыстарын өткізеді. Сараптама нәтижесі бойынша картограмма жасалады.  Аграрийлерге жердің сапасы мен құнарлылығын арттыру бойынша  ұсыныстар беріледі. Қандай мөлшерде тыңайтқышты жерге сіңіру жөнінде кеңес береміз. 

«ЕвроХим» компаниясы Ресей, Литва, Бельгиямен серіктес. Қытаймен құрған ортақ жобалары бар. Келешекте Қазақстан аумағында минералдық тыңайтқыш өндіретін зауыт ашпақшы. Бұл мақсатқа Қаратау кен орнын ыңғайлы деп тапқан. Қазіргі таңда үкіметпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар