ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ

18:00, 10 желтоқсан 2019

Петропавлдағы ботаникалық бақта кубалық лимон ағашы  жеміс берді. Жылыны сүйетін өсімдіктің  тұқымын жергілікті агрономға кезінде Кубаның ауыл шаруашылығы министрінің қызметін атқарған Рауль Кастро сыйлаған екен. Әріптесім тарқатсын.

Осы ағаштардың әрқайсысынан өнім алу үшін ботаникалық бақ қызметкерлері бірнеше жыл оны  күтіп, тынымсыз еңбек етті. Себебі, тропикалық жемістің біздің өңірде өсуі өте сирек кездесетін жәйт. Мынау Кубада өсетін лимон. Бір жемісінің салмағы  1 кг дейін жетеді.

РАВИЛЬ РЯЗАПОВ, БАС АГРОНОМ:

- Бұл өсімдік бізде 60 жылдан бері  өсіп жатыр. Біреуінің салмағы орта есеппен 800,900г. Ал мына біреуі 1кг 200 г дейін баруы мүмкін. Үлкен болғанымен біздің көзіміз үйренген лимондарға ұқсайды. Сырты қалың, дәмі - сондай  қышқыл.

Ботаникалық бақта тропикалық лимондардан басқа корольдік банан да гүлдепті. Ол өңірге  7 жыл бұрын Вьетнамнан  әкелінген.  Бүгінде ағаштың биіктігі үш метрге дейін  жетеді.

РАВИЛЬ РЯЗАПОВ,  БАС АГРОНОМ:

- Жаңа жыл қарсаңында бізге осындай тосын сый болды.Көптен күткен корольдік банан гүлдеді. Бұл біз күнделікті дүкендерден көретін жеміс емес. Бұл ерекше алтын түстес кішкентай жеміс. Піскесін дәмін көреміз деп ойлаймын.

Бақ мамандарының сөзінше, оранжереяда өсімдіктердің гүлдеп, мол жеміс беруі көптеген жағдайға тікелей байланысы. Ең бастысы – тиісті күтімнің болуы. Қажетті температураны сақтап, өсімдіктерді арнайы минералды тыңайтқыштармен қоректендіру – өз жемісін берді. Бүгінгі күні ботаникалық бақта сирек кездесетін 2 мыңға жуық өсімдік жайқалып өсіп тұр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
20:55, 13 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 9 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ
20:50, 13 тамыз 2020
БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 9 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...