ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ

20:48, 3 шілде 2020

Петропавлда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы шарада  карантиндік талаптар барынша сақталды.   Жәрмеңкеде екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге 2 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Дені құрылыс саласындағы мамандықтар. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

Төтенше жағдай кезінде біраз қала тұрғыны жұмыссыз қалды. Сол себептен екі қолға бір күрек іздеп жүргендер үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізу қажеттілігі туды. Облыс әкімінің тапсырмасымен Петропавлда бұл шара карантиндік талаптарға сәйкес өтті. Бірінші қабаттан жұмыс берушілермен кездесуге тұрғындар кезекпен кіргізілді.     

АСҚАР ХАБИБУЛИ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1100-ге жуық бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, 384 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар. Мамандықтар әр түрлі салаларға қажет. Әсіресе, құрылыста білікті қызметкерлер тапшы.

Сондай-ақ, жастар тәжірибесі, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға 440 маман қажет. Айта кету керек, бұл уақытша жұмыс орындары. Данил Колесников биыл Петропавлдағы колледждің бірін тәмамдады. Темір жол көлігінің жүргізушісінің көмекшісі мамандығы бойынша оқуды аяқтаған жас үшін кез келген кәсіп аса қажет болып отыр. 

ДАНИЛ КОЛЕСНИКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Колледжді екі мамандық бойынша тәмамдадым. Өкініштісі, кәсібім бойынша жұмыс жоқ. Жәрмеңкеге келіп, құрылыс саласына қажет мамандар керек екенін білдім. Жалақысы да көңілімнен шықты.

Жәрмеңкеге келгендердің қарасы қалың. Карантиндік талаптарға сай кейбірі өз кезегін далада күтуге мәжбүр болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...