ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

20:35, 8 қаңтар 2021

Биыл да көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жалғасады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Қазір облыс орталығында 1100 көпқабатты баспана бар. Соңғы 10 жылдың ішінде 170 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтті. Биылға жоспар қандай? Тілшіміз тарқатып айтады.

Брусиловский көшесіндегі 74 үй 40 жыл бұрын қолданысқа берілген. Қазір мұнда 100 адам тұрады. 1980-ші жылдан бері бірде-бір күрделі жөндеу жүргізілмепті. Тек тұрғындар өз күшімен шатырды жөнге келтірген. Бірақ, әлі де одан су ағады. Үйдің қабырғалары да жарылған. Әбден шаршаған жұрт 2011 жылы  тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы туралы естіп,  2013 жылы құжаттарды жинап, кезекке тұрған. Алайда...

МНАВАРА МҰРАТОВА, «АСТАНА» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- «Сол уақыттан бері бізге кезек жетпей келеді. Соңғы жылдары біз осылай өмір сүріп келеміз. Мен 5-ші қабатта тұрамын. Төбеден су шелектеп ағады. Әбден шаршадық. Біз де басқа адамдар сияқты жайлы баспанада тұрғызым келеді.»

Қазір облыс орталығында 1100 көп қабатты үй бар. 2011 жылдан бері 170 баспан күрделі жөндеуден өткен. Оған шамамен 3 миллиард теңге жұмсалған. Бүгінгі күні шатырды бүтіндеуге кезекте 38 көп қабатты үй тұр. Оның ішінде Брусиловский көшесі, 74 үйде бар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл мәселені шешетін боламыз. Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы республикалық қаражат есебінен жүргізілетінін білесіздер. Бірақ, соңғы жылдары ақша жетіспей жатыр.  Биыл біз облыстық бюджет қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бірақ, бұл қайтарылатын қаражат. Сіздер құжатқа қол қойсаңыздар, біз ақшабөлемыз.

Ал 9 қабаттан тұратын  Назарбаев көшесі, 136 үйде 1995 жылдан лифт істемейді. Мұнда негізінен зейнеткерлер тұрады. Ал олар үшін жоғарыдан төменге түсіп-міну қиынға соғады.

ИВАН АВДОНИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мен екінші топтағы мүгедекпін. Аяғым ауырады. Сондықтан дүкенге немесе дәріханаға бару- үлкен мәселе. Мұнда мен сияқты зейнеткерлер өте көп. Лифтсіз өте қиын бізге. 

Тұрғындардың айтуынша үйдің бұрынғы ПИК төрағасы осы мәселемен мүлдем айналыспаған. Ал жаңадан келген төрағаның арқасында оң өзгерістер бар. Олар бірден құжаттарды жинап, кезекке тұрған. Жалпы бір лифттің құны шамамен 12 миллион теңге тұрады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Қазіргі уақытта қала бойынша 367 лифт бар. Оның дені ескірген. Тіпті 8-і жұмыс істемейді. Биылғы жылы бұл мәселені жергілікті деңгейде шешіп, бюджеттен қаражат бөлінеді. Алдағы уақытта 8 лифт сатып алынатын болады.»

2011 жылдан бастап 32 лифт алмастырылды. Қазіргі уақытта 217 лифт ауыстыруды қажет етеді. Оған шамамен 3 миллиард теңге жұмсалмақ. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:40, 26 қаңтар 2021
​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...