ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ

17:53, 25 сәуір 2019

Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» реформасы аясында 2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялы емес акционерлік қоғамы  жұмыс істей бастады. Корпорация бүгінгі күні  тұрғындарға  621 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Аталмыш акционерлік қоғам ашылғаннан бері СҚО тұрғындарына жалпы 3,2 млн астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліпті.

Аталмыш жоба аясында тұрғындар электорнды түрде денсаулығына байланысты жұмыстан уақытша босату парақшасын, көлік жүргізуге арналға куәліктері мен кез-келген қызмет түрін электрондық қолтаңбасыз-ақ смс-пароль арқылы  ала-алады. Былтырғы жылы  шалғай ауылдық округтерде тұратын тұрғындарға  27мыңға жуық  мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліпті. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу үшін ХҚКО  алынатын анықтама электронды форматқа көшірілген. Ол үшін арнайы «Paper free» сервисі де іске қосылған. Елбасының тапсырмасына сай өткен жылдың аяғында цифрлық қызмет көрсету орталығыда жұмысын бастаған.

ЕРКІН ЖҰМАБАЙ, СҚО «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КЕАҚ  ФИЛИАЛЫНЫҢ   ДИРЕКТОРЫ:

- Цифрлық қызмет көрсету орталығы ХҚКО-да жұмыс істей бастады. Сол уақыттан бері тұрғындарға 17 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Корпорацияның 3 жылдық жұмысын қысқаша қорытындылап айтатын болсақ, тұрғындардың 90 пайызы электрондық қызмет түрін таңдапты.  Мәселен, 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің 859 мыңының  329 мыңы электронды түрде болған.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІР САУЫТ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖАСАЛҒАН
20:54, 20 мамыр 2019
ТЕМІР САУЫТ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖАСАЛҒАН
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ЖАҢА САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
20:47, 20 мамыр 2019
ПЕТРОПАВЛДА ЖАҢА САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...