ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

20:35, 10 шілде 2020

Енді Петропавлдағы барлық болып жатқан өзгеріс «айкөмек» цифрлы жүйесінде сақталады. Яғни, облыс орталығында жасалып жатқан жұмыстар және тұрғындардың өтініштері мен арыздары - бәрі цифрландырылып, мамандардың назарында болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Болат Жұмабеков  арна тілшілеріне берген сұқбатында айтты. Цифрлы жүйе қалай жұмыс ісейді? Келесі бейнематериалымызда  

Петропавл қалалық әкімдігінде былтыр желтоқсан айында тұрғындар үшін «Айкөмек» ахуал орталығы ашылды. Ол жерге қала тұрғыны өз мәселесімен хабарласып, жауап ала алады. Мамандардың айтуынша, тж режимі кезінде күніне 5000ға жуық қоңырау түссе, ал қазір тәулігіне 600ден астам тұрғын хабарласады екен.

ӘЛИЯ ХАСЕНОВА, «IKOMEK» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Көбіне  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша қоңырау көп түседі.  Біреу үйінде су болмаса, енді біреуі көшесінде құбыр жарылса - хабарласады. Ал қазір көбіне карантин талаптары бойынша мамандардан біліп жатады. Шекарадан өтуге болады ма, қай жерде серуендеуге болады, жағажайлар ашық па жоқ па деген сынды сауалдар түседі. Барлығына жауап беруге тырысамыз. 

Болат Жұмабековтың айтуынша, енді «айкөмек» ахуал орталығы толығымен цифрландырылмақ. Яғни, қаладағы барлық әлеуметтік маңызы бар жерлер арнайы карта арқылы  бақыланып,  тұрғындардың өтінімдері мен арыз-шағымдары толықтай цифрлы  жазба ретінде сақталады. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартып, олардың өтініштерін уақытылы орындауға септігін тигізеді дейді қала басшысы.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әрбір сұраққа жауапты толықтай жеткізу үшін осыған барлығы енгізіліп, автоматизациядан өткізіледі. Өткен жылы қандай арыздар болды, неліктен болды, қандай авария болды соның бәрін енгізіп, квартал бойынша сараптама жасап, қандай жұмыс жасау керек, халықтың әр-ауқатын дұрыстау үшін барлығына сараптама жасалады.

Цифрлы жүйе арқылы қала ішіндегі тәртіп те бақыланады. Орталықта Петропавлдың басты көшелері мен мекемелерінде орнатылған  бейнебақылау жазбасы да сақталады.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қала ішінде жүрген автобустары тек адамдар ғана бақыламақ үшін мына система да бақылайды. Кезінде жолға шықпаған автобустардың компанияларына автомотический хабарлама жасалады. Сіздердің бәленше автобустарыңыз  маршрутқа шыққан жоқ, келешекте тағы сондай болатын болса, сізбен шарт бұзылады деген сияқты. Оның бәрі осы арқылы көрініп тұрады.

Айта кетейік, Айкомек орталығына 109 байланыс нөмірі бойынша немесе 87710910900 нөміріндегі ватсап желісі арқылы хабарласуға болады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...