ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРҒА РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІП ЖОҚ

20:43, 6 қараша 2019

Есіл ауданы Бұлақ ауылының тұрғындарына радиациялық қауіп жоқ дейді мамандар. Қазан айының соңғы күні облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды қабылдап, сол жерде Бұлақ ауылының мәселесі көтерілген еді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде осыған орай өкілетті орган мамандары жауап берді. Бұлақ ауылында радиологиялық көрсеткіш қандай деңгейде? Жаңадан ашылған кең орнынан шынымен де радиация таралуда ма? Бұл сұраққа жауапты келесі бейнематериалдан білелік.

Осыдан бір апта бұрын өткен өңір жетекшісінің қоғамдық қабылдауында Бұлақ ауылына қатысты мәселе көтеріліп, сол жердің тумасы алтын өндіретін кәсіпорыннан радиация таралып жатқандығы туралы айтты. Солтүстік Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Олардың сөзінше ауылдық округте онкологиялық дерттің өсімі жоқ. Жалпы Бұлақ ауылында 393 адам, яғни 107 үй түтін түтетіп отыр.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Соңғы 10 айдың ішінде Бұлақ ауылында 5 адам көз жұмған. Оның ішінде 2-і онкологиялық дерттің салдарынан қайтыс болса, қалған үшеуі жастары келіп, кәріліктен өмірден озды. Есіл ауданында жаман ауруға шалдығып, қайтыс болатындардың саны төмен. Көз жұмған науқастардың орташа жасы -71 де.

Алтын өндіретін кәсіпорын 2014 жылы ашылды. Әкіммен кездесуге келген облыс тұрғыны «Әулие Голд Майнинг» компаниясы ашқан кен орнынан радиация таралып жатыр, кәсіпорын алтынды тазалау үшін қолданатын натрий цианиді ауаны ластап, адамдарды улап жатыр деп айыптаған еді. Алайда, мамандар жүргізілген тексерістердің нәтижесінде стандартқа сай емес сынамалар анықталған жоқ дейді Серікбай Қасмақасов.

СЕРІКБАЙ ҚАСМАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Өндірістік алаңдарда радиация деңгейін 330 рет өлшедік, «Әулие Голд Майнинг» серіктестігінің өндірістік және тұрғын үй жайларында 62 өлшеу жүргізілді, шекті деңгейден асып түсушілік анықталған жоқ. Елді-мекенде де өлшемдер жүргізілді, бәрі нормаға сай. Ауыл тұрғындары су құбырын өткізіп беруді сұрап отыр. Алайда, бұл мәселе аудан әкімінің баяндамасына сәйкес 2020-2023 жылдары шешілмек.

Ауыл тұрғындары қазылған құдықтың суды пайдаланады. 2017-2019 жылдар аралығында ауыз судың 45 сынамасы зерттелсе, радиациялық деңгейді анықтау үшін 90 өлшеу жүргізілген. Нәтижесінде талапқа сай емес сынамалар анықталған жоқ дейді мамандар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...