ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ

13:18, 7 маусым 2019

Шалқар-Имантау курорттық аймағындағы демалыс базаларын жаңарту және қайта  салу. Дәл осы мақсатта өткен жылы 411 миллион теңгеге 10 жоба іске асырыла бастады.Оның 7-еуі аяқталып, бүгінде туристтерді қабылдауға дайын. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов демалыс орындарының жағдайымен танысты. Арна тілшілерінің бейнематериалы.

Солтүстік Қазақстан облысы өзінің тамсандырар табиғатымен танымал. Өңірде туристік салаға, әсіресе Шалқар-Имантау аймағын дамытуға көп көңіл бөлінеді.Биыл «Шалқар су» шипажайының  күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теңге бөлінді.  Бөлмелер және жихаздар   толық жаңартылмақ. Президенттік нөмірлер мен люксті және қарапайым  бөлмелер демалушылар игілігіне ұсынылады. «Шалқар су» шипажайында 200ге жуық адамға жағдай жасалған. Барлық жөндеу жұмыстарын басшылық қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

АҚАН ЖАНПЕЙІСОВ, «ШАЛҚАР СУ» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл шипажай туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені барлық Қазақстанға танымал. Біріншіден, бұл жердің ауасы таза, профилактикалық ем-дом қолданылады және  балшықпен емдейміз. Сонымен қатар,  электрофорез, массаж жасау  да  бар. 

Биыл мұнда  жаңадан 7 демалыс базасы ашылады. Олардың бірі - "Изумрудное". Құрылысқа 80 млн. теңге бөлінген.  Қазірдің өзінде 4 үй  толықтай  дайын.Үйден бірнеше метр қашықтықта  жағажай мен көздің жауын алардай әсем табиғатты көруге болады. Айта кету керек, жақсы демалу үшін көп шығынданудың қажеті жоқ. Екі қабатты коттедж үйді жалға алу құны 20 мың теңге. Қазірдің өзінде бұл орындар демалушылар арасында  үлкен сұранысқа ие екен.

АЛКСАНДР ВОРОНОВ, «ИЗУМРУДНОЕ» ДЕМАЛЫС БАЗАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жерде жаз мезгілі келмей жатып демалушылар  Астанадан хабарласып орындарға тапсырыс беріп қойған. Балалар үшін  арнайы алаңдыда бітіруге тырысудамыз. Көптеген келушілер әдемі үйлердің болғанын қалайды.

Шалқар-Имантау аймағында барлығы 38 туристік демалыс базасы жұмыс істейді.Өңір басшысы, демалыс орындары әрбір келуші туристтің талаптарына сай болу керек. Сондай-ақ,ыстық су мен  ауыз су, демалыс үшін толық жабдықталған жағажай мен отбасыларға арналған балалардың  ойын алаңы болу керек екенін атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әзірге барлық демалыс орындары  осы талаптарға сай келмейді. Біздің міндетіміз - демалыс базаларын  осындай деңгейге көтеру. Егер осы бизнеспен айналысатын адамдар мұндай деңгейді сақтамаса, әрине, олар бұл орынды босатып, басқасына жол беруі тиіс. Ал біз демалыс орындарын көркейтіп, дамытамын  деген адамдарды іздеп. Оларға қолдау көрсетуіміз керек.  

Болашақта бұл аймақта байқау алаңдары, туристік соқпақтар мен кемпингтік аймақтар пайда болады. Барлық жаңартулардың нәтижесінде 400 мың адамға дейін қабылдайтын болады

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...