ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ТҮТІН ДАТЧИКТЕРІ ТЕГІН ОРНАТЫЛДЫ

17:59, 8 қазан 2019

Петропавлда ТЖД қызметкерлері қалалық мәслихат депутаттарымен бірге жеке сектордың үйлеріне рейд жүргізді. Құтқарушылар түтін датчиктерін тегін орнатып, мектепке дейінгі жастағы балаларға өрт шыққан кезде өзіне және өзгелерге қалай көмектесуге болатындығын  көрнекі түрде көрсетті.

Ересектердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ол балаларды оттан қорғау. Жыл сайын қалалық мәслихат депутаттары құтқарушылармен бірге өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді. Соның ішінде балалар үшін өрт күзетінің мамандандырылған бөлімшелеріне экскурсиялар ұйымдастырылады, өрт сөндірушілер шеберлік сағаттарын өткізеді.

МӘДИНА ДӘРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Профилактикалық жұмыс аясында қосымша шаралардың бірі мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы өрт сөндіру күзетінің бөлімдерінің, өрт сөндірушілердің ауыр еңбегімен таныстыру және балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білу үшін көшпелі экскурсиялар өткізілетін болады.

 Бұл жолы балаларды түтін датчиктерімен таныстыру шарасы ұйымдастырылды. Бұл - тілсіз жаумен  күресте бірінші кезеңде көмекші болып қызмет ететін алғашқы құралдар. Жыл басынан құтқарушылар оларды халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерге тегін орнатты.

ЖАНАТ ЖҰМАЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

- "Алтын бесік" балабақшасының тәрбиеленушілерін шақырдқ. Оларға мына датчиктердің не үшін қажет екенін айтып, олардың жұмыс істеу ережесін түсіндірдік. Бұл тәжірибені одан әрі жалғастырамыз деген ойдамын.  

Құтқарушылар алдағы уақытта да аз қамтылған отбасылар тұратын үйлерге түтін хабарлағыштарын тегін орнатуды жалғастырмақ. Оған қалалық мәслихат депутаттары үлкен қолдау көрсетуде.

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
17:54, 23 қазан 2019
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар