ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ҮЙДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

18:02, 12 тамыз 2019

СҚО полицейлері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Мақсат – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу. Операция басталғалы облыс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 124 фактісі анықталды. Оның ішінде 17-сі – «сенім телефонына» келіп түскен.  Толығырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

- Каждый день пьет, дебоширит. Сотрудников полиции вызываете, да? – Было такое дело. – У нас с 7 по 13 число проходит оперативно-профилактическое мероприятие «Быт».

«Тұрмыс» операциясы тамыздың 7-сі бастау алды. Облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен басқа да бөліністерден 300-ге тарта полиция қызметкері тартылды. Тәртіп сақшылары проблемалы мекенжайларды, аз қамтылған отбасыларды тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді..

ЖҰЛДЫЗ БАҒЫТ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Іс-шара шеңберінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттермен көзге түскен тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру және жауапкершілікке тарту жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар отбасы-тұрмыстық қатынастардың құрбаны болған тұлғалар үнсіз қалмауы керек. Құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға ықпал жасаулары қажет. Өйткені ешкім біреудің құқығын бұзуға құқылы емес, жазалануы тиіс.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы тамыздың 13-і аяқталады.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер 50-41-87, 102 нөмірлері арқылы полицияға немесе тұрғылықты мекенжайлары бойынша учаскелік полиция пункттеріне жүгіне алады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар