ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

ҮЙІРМЕ – БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛИДЫ

17:57, 11 шілде 2018

Балалардың демалысын ұйымдастыру -  қашанда маңызды мəселелердің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық және тиімді  демалуларына жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары мен үйірмелер жұмыс атқарады. Сондай ұйымдардың бірі, Петропавл қаласындағы «Көктем» балалар-жасөспірімдер клубына кез-келген оқушы қатыса алатын 4 тегін үйірме жұмыс істеуде.

«Көктем» балалар мен жасөспірімдер клубы 2009 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Клубтың мақсаты жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуін ұйымдастыру.    Жасөспірімдер клубында жалпы 11 үйірме, ал жаз мезгілінде 4 үйірме жұмыс істейді. Атап айтатын болсақ каратэ, велоспорт, вокал және би. Үйірмеге қатысушылар саны жазғы демалыс уақытында 70-ке жетеді. Осы уақыт аралығында олар көптеген белестерді бағындырып, қалалық, облыстық деңгейдегі іс-шаралардың жүлдегерлері де атанған.

ТАТЬЯНА КОВЗАЛОВА, БИ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Көктем» балалар-жасөспірімдер клубында 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Балалар да, ата-аналар да  өте риза. Көптеген іс-шараларда өз өнерімізді жоғары деңгейде көрсетіп келеміз. Би өнері тек қана сырт келбет бітімін ажарландырып қана қоймайды, сондай-ақ  спорттың бір түрі болып саналады.

Үйірме тек қана жазғы мезгілде ғана емес, жыл он екі ай балалардың игілігі үшін тегін қызмет көрсетеді. Клуб жетекшілері де өз істерінің хас шеберлері. Үйірмеге 7-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Каратэ клубының мүшесі  13 жастағы Гүлдана болашақта әскери қызмет атқаруды армандайды. Мақсатына қол жеткізу үшін тынбай еңбек етіп, өзін спорт арқылы шыңдауда.

ГҮЛДАНА БЕКПЕНОВА, КАРАТЭ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ:

-  Каратэмен бір жылдан астам уақыт айналысып келемін, өзіме қатты ұнайды. Осы уақыт аралығында облыстық жарыстардың жүлделі 1 орын иегері де атанып үлгердім. Менің арманым қара белбеу иесі атанып, әскери адам болып, әлемдік деңгейде өз бағымды сынап көру. Әрі қарай осы спорт түрімен айналыса беремін.

ТИМУР БЕЙСЕНБАЕВ,  ВЕЛОСПОРТ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ:

Осы жылдың ақпан айынан ғана бастап осы спорт түріне қызығушылығым арта түсті. Айналысып жүргеніме көп уақыт өтпесе де бірнеше жарыстан жүлделі орын иелендім. Бұрын соңды велоспортпен айналысқан емеспін. Ұстаздарым өте мейірімді, жақсы адамдар.

Айта кететін жәйт  «Көктем» балалар-жасөспірімдер клубында  тамыз айынан бастап  қолданбалы өнер үйірмесі де жұмыс істей бастайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, балалар үйірмесі, жазғы демалыс

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫНЫ
17:51, 20 қыркүйек 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
22:15, 17 қыркүйек 2018
ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...