ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҮЙЛЕРГЕ УЛЫ ГАЗ ДАТЧИГІ ОРНАТЫЛУДА

13:07, 16 қазан 2020

Облыстық ТЖД қызметкерлері Петропавлдағы жекеменшік үйлерде тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін түрде УЛЫ ГАЗ датчиктерін орнатып жатыр. Жоспар бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін осындай 200 құрылғы орнатылмақ. Сондай-ақ, сала мамандары өрт қауіпсіздігі айлығы аясында рейд жүргізуде. Соның бірінде біздің түсірілім тобы болып қайтты.  

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Қыстың ауылы алыс емес. Солтүстікте қыс қатты. Сондықтан жер үйде тұратындар әу бастан пешті тексеріп, егер қандай да ақау табылатын болса оны бірден жөндеп, тазалауы қажет. Өйткені соңғы жылдары облыста оқыс оқиғаның дені пештің дұрыс істемеуі салдарынан орын алып жатады.

Мұндай өкінішті жағдайларды болдырмау мақсатында облыстық ТЖД қызметкерлері тексеріс шараларын күшейтіп жатыр. Рейдтер өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 15 тамыздан бастап жүргізіліп келеді.

ЕРЖАН ӨТЕГЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

«Іс шараның мақсаты- халыққа жылыту құралдарын, пештер мен электр желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Статистикалық мәліметке сәйкес, жыл басынан бері қала аумағында 97 өрт тіркелді. Салдарынан 16 адам көз жұмды. Оның 4-еуі бала.. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда көп. Ал материалдық шығын 17 млн теңгені құрап отыр. »

Мамандар жадынамалар таратып қана қоймай, пештерді де тексереді. Одан бөлек көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы улы газ датчиктерін орнатады. Осындай құрылғының бірі-Елена Азарованың үйіне тегін қойылды. Келіншектің 6 баласы бар.

ЕЛЕНА АЗАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Пешті үйде ересек адам болған кезде ғана жағамыз. Биыл пешімізді толығымен жөнддік. Енді сыртын сылау ғана қалды. Содан кейін біз жылыту маусымына сақадай сай боламыз. Біздің үйге келіп арнайы датчиктерді орнатып берген ТЖД қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мұндай датчиктер түтін шықса бірден хабардар етеді. Енді осы құрылғының арқасында тыныш ұйықтайтын боламыз.»

Жалпы тамыздың 15-інен бастап көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчиктер 8 үйге орнатылыпты. Оның әрқайсының құны-үш мың теңгеден басталады. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жеке тұрғын үй секторында тұратындарға күн сайын жадынамалар үлестіріп, ескертулер жасайды. Арнайы рейдтік іс-шаралар облыс көлемінде  өткізіледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...