ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

Ұлттық спорт ойындары спартакиадасы

16:07, 19 маусым 2017

Уәлиханов ауданында Кішкенекөл ауылында облыстық ұлттық спорт түрлері ойындарынан дәстүрлі спартакиада өтті. Мерекені тамашалауға облыс әкімінің бірінші орынбасары келді. Орталық ипподромда шағын этно ауыл бой көтеріп, ауылдықтар жарысқа келгендерді қазақи қонақ жайлылықпен қарсы алды. Айдарбек Сапаров бой түзеген ақ шаңқан киіз үйлерге кіріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған көріністі тамашалады. Сайыстың алғашқы күнінде іріктеу кезеңдері өтті. Аудандық ипподромда ат жарысынан жүлделі орындар сарапқа салынды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтауға  ең алдымен қысқа қашықтықта сынасатын шабандоз мен сәйгүліктер шықты. 5 мың, 1600 метрге жүгірген аттар өзара мықтыны анықтады. Ат жарысының көркін аламан бәйгесі қыздыра түсті. 7 айналым 12 мың метрді бағындырған спортшылар бар-білгендерін ортаға салып, жеңімпаз атануға тырысты. Дегенмен, бұл күні кей сәйгүліктер мәре сызығына жете алмады. Күннің ыстығы өз әсерін тигізді. Аламан бәйгеде Қызылжар ауданының спортшысы бірінші орынды иеленді. Жүлдегерлерді облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров марапаттады. 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ІІД АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЛЕТІ ӨТТІ
19:03, 22 қыркүйек 2017
СҚО ІІД АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУДЬЯЛАР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ -  ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА
18:43, 18 қыркүйек 2017
СУДЬЯЛАР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ - ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
18:31, 20 қыркүйек 2017
ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...