ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ҮМІТ ОТЫ СӨНБЕЙДІ

13:05, 13 тамыз 2019

Балаға көмек қажет. Редакциямызға Бескөл аулының тұрғыны  Оксана Истомина есімді келіншек хабарласты. Оның 1,5 жастағы қызының  жұлынынан дәрігерлер ақау тапқан. Дей тұрғанмен, бүлдіршіннің 100 пайыз жазылып кетеріне кепілдік беріпті. Арна тілшілері кішкентай қыздың үйіне барып, жағдайын көріп қайтты. 

Маша адамдарды бөліп-жармайды. Келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып,  адамға жақын екенін бірден аңғартты. Ата-анасы қызын қатарластарынан кем қылмауға тырысуда. Маша дүние есігін ашқалы бері түрлі ем, ота мен оңалту шарасын қиынсынбай еңсеріп келеді. Кішкентай болса да шыдамы мықты екен. Анасының ерік-жігеріне қарап қуат алады.  

ОКСАНА ИСТОМИНА, МАШАНЫҢ АНАСЫ:

Қызым аяғын сезбейді. Жұлын тұсында ақау бар. Өздігінен тұрып, жүре алмайды. Бірақ, отыра алады, тамағын жейді. Біз күн сайын 4 сағат дене жаттығуларын жасап, массаж істейміз.  Кейін аппаратта 2 сағат тұрамыз.  Допты лақтырып ойнаймыз.  Қызымның жүруге деген құлшынысы бар. Отырмайды, талпыныс жасайды. 

Жүктілік кезінде Оксана бойына біткен шақалақта потологияның барын білген. Дәрігерлер бұл жайында хабардар етіпті. Нәзік жанды тұңғышын неде болса дүниеге алып келіп, күнә жасамауға шешім қабылдапты. Сонысы дұрыс болды. Қазір алтын асықтай, сүйкімді қызы алдында көз, жан қуанышы болып жүр. Ана жүрегі түбінде бүлдіршіннің науқасынан құлан таза айығып кетеріне сенеді. Өзге елдің мамандары бойында үміт отын жағыпты.

ОКСАНА ИСТОМИНА, МАШАНЫҢ АНАСЫ:

- Әр елдегі операциялардың бағасын салыстыра келіп, біз Израильді таңдадық.  Профессорларға магнитті-резонанстық томографиядан түсірілген суретті көрсеттік.  Дәрігерлер қыздың аяғы жазылып кетеді деп үміттендіріп отыр. Операцияның бағасы 49 мың 750 доллар тұрады дейді. Бұдан бөлек өзге шығындарға 5-6 мың доллар қажет.

Науқастанған бала бар үйде ақша жатпайды. Әкесі мен шешесі мүгедектікті ресімдеп, азын-аулақ қаражат жинауға тырысып жатыр. Отағасының тапқан табысы күн көріске кетеді. Әлеуметтік желілерде Маша Истоминаның жеке парақшасы бар. Онда қаражат аударуға арналған реквизиттер мен шоттың нөмірі көрсетілген. Кішкентай қыздың операциясына уақыт аз қалды. Ота қараша айына белгіленіпті.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
18:04, 17 қазан 2019
ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар