ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

13:04, 12 қыркүйек 2019

Петропавлда «Әлеуметтік инновация» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. Шара екі күнге жоспарланған. Оған 14-28 жас аралығындағы кез-келген өңір тұрғыны қатыса алады. Бұл жерде жастардың жаттықтырушылардың көмегімен өз жобасын әзірлеуіне мүмкіндік бар. Үздік деп танылғандары  4-5 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Семинар-тренингке қатысуға 50-ге жуық өңір жасы  келіп отыр. Олардың тек 5-6-ауы  ғана республикалық кезеңге жолдама алып, Нұр-Сұлтан қаласында өз жобаларын қорғауға мүмкіндік алады.

РҮСТЕМ АРМАНОВ, СЕМИНАР ТРЕНЕРІ:

- Біз бүгінгі семинарға қатысушыларға өз жобасын әрі қарай қалай дамыту керек екенін үйретеміз. Оның әлеуметтік желілерде, өңіріміздегі маңыздылығы туралы айтып, сұранысқа ие, қажетті деп танылған жоба авторын ғана келесі кезеңге өткізетін боламыз. Олар 4 бөлім бойынша білім алады. Дәл осы бөлімдерде өз жобаларын қалай қаржыландыру, қандай идеялар ұсыну   керек екенін үйренеді.

Үздік  әлеуметтік жобалар семинар-тренингі өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Жанна Рахметова семинарға қатысушы. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ағылшын тілі мамандығының 2 курс студенті. Бүгінгі күні қоғамда ең актуалды латын қарпіне көшу тақырыбында өз жобасын қорғамақ. Егде жастағы адамдар мен балаларға жаңартылған әліпбиді оңай үйретудің тиімді жолдарын ұсынбақ.

ЖАННА РАХМЕТОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Семинардан біраз мағлұмат біліп, болашақта өзіміз мемлекетпен қарым-қатынас жасап, мемлекет бөліп жатқан гранттарға ие боламыз деген мақсатпен келіп отырмын. Мүмкіндік болса осындай тренингтарды қалдырмауға тырысамын. Өйткені мұндай тренингтардан аларымыз көп. 

Семинар-тренинг екі күнге жоспарланған. Республикалық кезеңде де үздік деп танылған жоба авторлары үш жүз мың  теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталады.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...