ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ҮЗДІК МЕЙІРБИКЕ АНЫҚТАЛДЫ

18:02, 12 желтоқсан 2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық ауруханада үздік мейірбекелерді анықтау игі дәстүрге айналған. Бұл   ақ халаттылардың  атқарған жұмысын бағалау  ғана емес,  сонымен қатар мамандық беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара. Жыл сайын жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталса, биыл 150-200 мың теңгенің сертификаттары берілді. Үздік қызметкерлермен арна тілшілері тілдесті.

Бұл өз-өзіне деген сенімділік пен   шыдамдылықты,  мейірімділікті талап ететін  мамандықтардың бірі. Емделушілердің әр қайсысымен тіл табыса білу нағыз кәсіби  маманның ғана қолынан келеді. Еліміздің басты мерекесі -  Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік мейірбекелерді анықтау облыстық ауруханада жыл сайынғы дәстүрге айналған. Аталмыш сайыста мұндағы бөлімшелердің ең үздік деген 16 мейірбекесі қатысып, өз бақтарын сынады.

ИРИНА ЗАЙНУТДИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС МЕДБИКЕСІ:

- Бұл сайыс біздің облыстық ауруханада осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қатысушылар 4 номинация бойынша таңдалады. Яғни терапия, хирургия, параклиникалық және осы жылы қосылған тері венерологиялық бөлімшелерінің үздік мейірбекелері  анықталады.

Бас дәрігердің айтуынша,  орта медициналық қызметкерлердің жұмысы арқылы мекемеде көрсетілетін қызмет сапасының қандай деңгейде екенін көруге болады. Сайысқа қатысу үшін мейірбекелердің жұмыс тәжірибесі, санаттары мен аурухананың қоғамдық өміріне белсенді араласуы да ескеріледі. қатысушылардың арасындағы жалғыз ер азамат Дмитрий Иванов Нейрохирургия бөлімінен. Ол  бұл сайыста үздік деп танылып, 200мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды .

ДМИТРИЙ ИВАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕЙІРГЕРІ:

- 9 жыл бойы осы ауруханада жұмыс істеймін. Әрине түрлі емделушілер келеді. Олардың әрқайсысымен тіл табысып, тезірек жазылуына сеп болу -  біздің міндет. Өзім бала күнімнен дәрігер мамандығына қатты қызығатынмын. Отбасымда медицина саласында қызмет ететін адам жоқ. Біздің жұмыс өте қызық, әрі жауапкершілігі де мол.  

 Айта кетейік, мейірбекелер аталмыш сайысқа арнайы дайындалмаған. Олардың өздеріне жүктелген міндеттерді жыл бойы асқан жауапкершілікпен атқарғаны ескеріледі.  Бүгін осы еңбектері еленіп 150-200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Жансая  ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
13:04, 20 қаңтар 2020
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...