ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ВОЛОНТЕРЛЕР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

13:05, 20 наурыз 2020

Петропавлда волонтерлер медицина қызметкерлеріне қолғабыс етпек. Елдегі жағдайға байланысты өңірдегі емдеу мекемелерінде карантин жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты тұрғындарға ауырған жағдайда дәрігерді үйге шақыруға кеңес берілді.

Кей науқастар емханаларға келіп, дәрі-дәрмектерін алып тұруы қажет. Өңір волонтерлері осындай тұрғындарға көмектеспек. Бұл жолы олар Петропавлдағы 1-ші қалалық емханада болды. Осы емдеу мекемесіне тіркелген сырқаттарға дәрі-дәрмектерін алып барып, учаскелік мамандардың жұмысын жеңілдетті. Жалпы облыста 2 мыңнан астам ерікті бар. Биыл олардың қатарына зейнеткер және жасы 50 асқан 200 ден астам адам қосылды.

ЛИЛИЯ ГИЗАТУЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Еліміз осындай қиын жағдайда болғандықтан шет қалмайық деп шештік. Қазіргі уақытта дәрігерлердің еңбектері ерен. Сол себепті біз төтенше жағдай аяқталғанша қаламыздағы медициналық мекемелерге көмектесетін боламыз.  Біз 1-ші қалалық емханаға тіркелген өңір тұрғындарының үйлеріне барып, қажетті дәрі-дәрмектерін алып барып, олардың МӘМС бойынша тіркеуден өткен-өтпегендіктерін  анықтаймыз.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...