ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ЗАГРАДОВКА АУЫЛЫНА АПАРАР ТАС ЖОЛДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

20:45, 21 мамыр 2020

Былтыр қараша айында Есіл ауданының Заградовка ауылына дейінгі 6 шақырым тас жол жөнделіп, пайдалануға берілді. Алайда, асфальт жол екі ай өтер-өтпестен әр жерінен ойыла бастаған.  Мамырдың 15-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен құралған комиссия осы жолдың сапасын тексеру мақсатында асфальттің сынамасын алды. Нәтижесі қандай екенін білу үшін келесі сюжетке назар аударайық.

Заградовка ауылына дейінгі 6 шақырым тас жолды жөндеу жұмыстары былтыр қараша айында аяқталғды. Алайда, атқарылған жұмысқа тұрғындардың көңілі толмады. Өйткені ой-шұқыры көп. Тендерді ұтқан «КазФортис» ЖШС республикалық қазынадан бөлінген 340 млн теңгені қайда жұмсаған деген сұрақ туындайды.

ГАЛИНА ЖУРАВЛЕВА, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ САНАТТЫ ЗЕРТХАНАШЫСЫ:

- Осы жолдың 4 жерінен талдама алдық. Тек бір жерде ғана асфальт тығыз болып шықты. Яғни, барлық талаптарға сай. Қалған 3 жерде тығыздылық нормадан төмен.

Яғни асфальт төсеу кезінде тиісті талаптар сақталмаған.  Мамандардың айтуынша, жолдың нашар салынуына  ауа райы да әсер етуі мүмкін.

ЕРКІН ӘБІЛМӘЖІНОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ:

- Біздің өлшемдеріміз бойынша жолдың ені және еңісі талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар, тас жол төсемінің үлгілері алынды. Біз оны зертханамызда талдамадан өткіздік. Нәтижесінде тығыздылығы нормаларға сай келмейді. Бұл дегеніміз жұмыс барысында асфальт толығымен аяғына дейін төселмеген. Бұзушылықтардың барлығы нәтижесінде жол төсемінде су жиналуына әкеп соғып, тас жол шұрық тесіледі.

Мердігерге барлық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді. Шартқа сәйкес, бұл жұмыстарды сапалы түрде аяқтау үшін оған 31 мамырға дейін уақыт берілген.

ДАМИР ХАБИБУЛИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Мамырдың 31-і біз комиссия мүшелерімен және БАҚ өкілдерімен бірге Загродавкаға барып жасалған жұмыстың нәтижесін тексереміз.Қазіргі кезде ол жерде жолды қайта қалпына келтіру бойынша мердігер компания жұмыс жүргізуде.

Мамандардың сөзінше белгіленген мерзімде мердігер компания олқылықтарды жоймаса айыппұл өтеуге мәжбүр болмақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...