ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА

13:03, 19 шілде 2019

Жыл басынан өңір аграрийлері мыңнан аса техника сатып алған. Жылдың аяғына дейін шет елден тағы 500-ден астам трактор, комбайн мен егіс кешендері әкелінбек. Ол үшін мекмлекеттен қажетті субсидия бөлініп, фермерлерге барынша қолдау жасалуда. Жалпы облыстағы ауыл шаруашылық құрылымдарында қазір қанша техниа бар, олардың жағдайы қалай? Елбасымыз тапсырғандай серіктестіктер заманауи технологияларды өз шаруашылықтарына егізді ме? Келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Бұл Германиядан әкелінген Класс маркалы трактор. 160 ат күшіне ие техника. Ал артындыға зиянкестерге қарсы дәрі салынған бөшкеге 4200 литр препарат сыйады. СеПкіш құралының ұзындығы 30 метрге жетеді. Егістік алқабында сағатына 10 шақырым жылдамдықпен қозғалатын трактор күніне жүздеген гектар жерді залалсыздандыруға қауқарлы.

Елбасымыз отандық агроқұрылым басшыларына өз шаруашылықтарына ақылды технологияларды енгізуге тапсырма берген болатын. Тиісінше өңіріміздегі көптеген серіктестіктер сандық технологияларды тиімді қолдана бастаған. Мысалы СҚО бойынша 60-қа жуық шаруа қожалық әлемдік стандарттарға сай келетін замануи құрылғылармен жабдықталған. Агроқұрылымдарға АҚШ, Германия, Швеция секілді шет елдерден түрлі жабдықтар мен құрылғылар жеткізетін компаниялардың да жұмысы жанданып келеді. Солардың бірі «Навистар Азия» компаниясы. Компания менеджері Руслан жағыпаровтың айтуынша бүгінгі таңда қазақстандық ферлердің басым бөлігі алқаптарды жоғарыдан  бақылайтын дрондарға қызығушылық танытады екен.

РУСЛАН ЖАҒЫПАРОВ, «НАВИСТАР АЗИЯ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Бұл құрылғының көмегімен біз аэро фото түсірілімдер жасай  аламыз. Нәтижесінде алқыптың жағдайын қашықтықта отырып-ақ бақылай аламыз.Сөйтіп дән себу кезінде немесе жер жыртқанда кеткен қателіктерді, одан қалды жердің егіс науқанына дайындығын және арам шөптер мен басқа зиякестердің өсімдікке тигізген залалын анықтап  тиісті шара қолдануымызға сепетеседі.

Өңіріміздің техника паркі жыл сайын жаңарып отырады. Былтырдың өзінде 29 млрд теңгеге 1560 техника сатып алынған. Одан бөлек  шет елден 14 млрд теңгеге ауыл шаруашылық саласына қажет құрал жабыдықтар әкелінген. Ал 2019 жылдың басынан өңірге 1079  техника сатып алынған. Жыл соңына дейін тағы 500 – ден астам трактор, комбайн  және егіс кешендері алынбақ. Мақсат - ауыл шаруашылық өнімдері мен астық көлемін барынша арттыру.

НАРҒЫЗ АҚЖІГІТОВА, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Жыл басынан өңір фермерлері 18 млрд теңгеге 1079 бірлік техника сатып алды. Оның 201- і  трактор, 319-ы  тұқым сепкіштер, 58 егін кешені, 58 комбайн. Әсіресе Мамлют, Ғ. Мүсірепов және Есіл аудандарының техника паркі жаңарып, 422 бірлік техникамен толықты.

Қазіргі таңда өңіріміздің техника паркінде 13 мыңнан астам түрлі модификациядағы тракторлар, 7 600 – комбайн, 16 100 дән сепкіш, 1 200 егін кешені бар. Жалпы техника саны 118 500-ге жетті.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...