Шілденің 29-ы Жамбыл Жабаев пен Партизан көшелері қиылысында жол көлік апаты тіркелді. Сағат 21-00 шамасында Нисан кашкаймен соқтығысты болдырмау мақсатында ВАЗ-21099 маркілі машинаны тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Тұрақта тұрған 2 шетел маркілі көлікке соғылады. Жол көлік апатынан зардап шеккен 2 жолаушы медициналық көмектен соң, үйлеріне жіберілді. Оқиға кезінде екеуі де ВАЗ көлігінде отырған екен. Аталмыш факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-шы бабына сәйкес, іс қалалық мамандандырылған сотқа жіберіледі. Сол күні кешкі сағат 10 шамасында аталмыш қиылыста тағы бір жол көлік апаты орын алды. Ауди Митсубиси Галант маркілі темір тұлпармен соқтығысты. Айта кеткен жөн, маусымда Жабаев-Партизан көшелері қиылысында «Мираж» автоматтандырылған жүйесі орнатылған еді. Небары бір айдың ішінде бұл учаскіде жылдамдықты асырудың 60-тан астам фактісі тіркелді. Жалпы жыл басынан бері облыста 98 жол көлік оқиғасы орын алып, 129 адам жарақаттанып, 13 азамат қаза тапты