ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

17:53, 10 шілде 2019

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері өзен-көлдердің жағасын патрульдеуді күшейтті. Рейдтің мақсаты  - қоғамдық тәртіпті сақтау және судағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу. Толығырақ облыстық Полиция департаменті дайындаған сюжеттен көре аласыздар.

Жағажайдағы жағдайды полицейлер ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қадағалайды. Тәртіп сақшыларының басты міндеті  демалушылардың спирттік ішімдіктерді ішуінің жолын кесу және масаң күйде суға түсуге жол бермеу. Жыл басынан полицейлер 3 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Барлығы ескертумен шектелді.       

ДУЛАТ  ТЕМІРТАСОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Сіз қалалық жағажайда екендігіңізді; қалалық жағажайда спирттік ішімдіктерді  ішуге, қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтынын білесіз бе? Арнайы рұқсат етілген жерде ғана суға түсуге болады.

Қалалық жағажайдағы рейд барысында масаң күйде болған 4 жас жігіт анықталды. Мән-жайды анықтай келе олардың барлығы кәмелетке толмағандар болып шықты. Медициналық куәландырудан өту қорытындысы олардың мас екендігін растады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін ювеналдық полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

СЕРГЕЙ ЧЕРКАСОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУ БӨЛІНІСІНІҢ БАСШЫСЫ-ҚҰТҚАРУШЫ:

- Петропавл қаласы бойынша екі жерде ғана суға түсуге рұқсат етілген: Пестрое көлі мен Есіл өзені – бұл жабдықталған жағажайлар. Сонымен қатар, Корнеевка селосындағы Тораңғұл көлінде құтқару бекеті, демалу аймағы бар. Жабдықталмаған жерлерде суға түсуге тыйым салынады. Қалалық жағажайға демалуға келгеннің өзінде де, судағы тәртіптің сақтауға тиіс өз қағидалары бар: суда тартылған белгілердің ар жағына шығуға, балаларды қараусыз қалдыруға, спирттік ішімдіктерді ішуге және масаң күйде суға түсуге болмайды.

Мас күйдегі адамдар жиі құқық бұзушылық жасайды, немесе өздері қайғылы жағдайға ұрынуы мүмкін. Сондықтан Есіл өзені мен Пестрое көліндегі жағажайларды патрульдеу суға шомылу маусымы аяқталғанша жалғасады.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...