ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

18:02, 1 тамыз 2019

Петропавлдық тәртіп сақшылары мен құтқарушылар шомылуға және демалуға рұқсат етілмеген орындарда рейд  өткізуді жалғастыруда. Қызметкерлер демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Ал құқық бұзушыларға  ескерту жасалуда.

Күнделікті жүргізілетін рейтердің нәтижесі көрсетіп отырғандай салқын ауа райы су басында демалушыларға еш кедергі емес. Әсіресе, Есіл өзені жағалауында жасөспірімдер көп.  Бұл ретте полиция қызметкерлерінің алдына қойылған басты мақсат - қайғылы оқиғалардың алдын алу. Сонымен қатар, су маныңда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, маскүнемдікпен күрес жұмыстарын жүргізеді.

БАҒЛАН ҰЗАҚОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ:

- Бүгінгі күнде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, СҚО ТЖД күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізеді. Мұндай іс-шаралар суға түсу маусымының басынан аяғына дейін өткізілетін болады. Рейдтің барысында демалушыларға тыйым салынған жерлерге суға түсуге болмайтындығы туралы жеткізіледі және полиция қызметкерлері оларға ескерту мен айыппұл салады.

Жағажай маныңда ащы суды қолданғандар тек өз өмірлеріне ғана емес,     оның жанындағыларға да қауіп төндіреді. Жаздың басынан полиция қызметкерлері жағажай аумағында ішімдік ішкені немесе мас күйінде жүргендігі үшін 15 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шомылу маусымының басынан ереже  бұзудың 50-ден астам фактісі анықталды. 

МЫРЗАГЕЛДІ ИМАНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Тыйым салынған орында суға түскен жағдайда демалушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ескерту және айыппұл салынады.

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың шомылуға рұқсат етілмеген орындарды тексеруге бағытталған  біріккен рейдтері суға түсу маусымының соңына дейін жалғаспақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...