ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЖАҒЫМСЫЗ КӨҢІЛ КҮЙ ЖӘНЕ КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ

20:32, 6 желтоқсан 2018

Табиғатта жаман ауа-райы жоқ. Өкінішке орай барлығы бірдей бұлай ойламайды. Психолог мамандардың айтуынша эмоционалды тұрақты адамдардың өмірлік ұстанымы позитивті. Ал олардың қатары қалың емес болғандықтан суық күндер келісімен және мезгілдердің ауысуымен көңіл күйіміз түсіп, ұйқымыз келетінін, тәбетіміз ашылып, өмірлік тонусымыз төмендейтінін байқаймыз. Бастысы клиникалық депрессия мен көңіл-күйдің уақытша төмендеуін ажырату маңызды.  Күйзелістің алдын-алуға қалай болады? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Соңғы рет қашан қуаныш пен шаттық сезімін сезінген едіңіз, есіңізде бар ма? Егер де бұл сауалға жауап беруге қиналсаңыз бұл сізге білікті мамандардан кеңес алу қажет деген мағынаны білдіреді.  Үмітсіздік, бейжайлықты сезіну, тәбетттің күрт ашылуы немесе мүлдем болмауы, ұйқының бұзылуы,  денедегі жағымсыз сезімдер. Бұлар клиникалық күйзелістің белгілері болып табылады.

ДМИТРИЙ АГАПОВ, ПСИХОЛОГ:

- Адам осындай күйде болса онда міндетті түрде психиатрға қаралуы керек. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі біз бірден есепке қоймаймыз. Көңіл күйді көтеру үшін түрлі пайдалы дәрі-дәрмек қабылдап, психологпен жұмыс жасау қажет. Даладағы ауа-райы қуантпаса бұл бір, ал егер адам белгілі бір маусымда осындай жағдайға түссе бұл мүлдем басқа нәрсе. 

Ғалымдардың зерттеулері бойынша күйзеліс көбінесе қыз-келіншектерде жиі кездеседі екен. Ол жарық күннің азаюынан болатын гормондық өзгерістерге байланысты. Қыста мелатониннің секрециясы бұзылады, серотонин яғни бақыт гормоны аз өндіріледі.

РУСЛАН НҰРКЕЕВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ПРОФИЛАКТИКА  ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Күннің жарығы жетіспегендіктен, адам жұмыс жасайтын бөлмеде терезелер барынша ашық болуы тиіс. Былайша айтқанда күннің әрбір сәулесін ұстап тұру қажет. Жағдайыңыз болса жұмысқа жаяу яғни сереуендеп бару керек.  Жағымды әуен тыңдау керек. Осылайша біз көңіл-күйімізді көтеріп, күйзелістен арыла аламыз. 

Сонымен қатар А, С, Д және Д3 дәрумендерін қабылдау қажет дейді дәрігерлер. Егерде аздап көңіл күйіңіз түссе, ешнәрсеге зауқыңыз болмаса абыржудың қажеті жоқ. Бұл әдеттегі жағдай болып табылады.

ДМИТРИЙ АГАПОВ, ПСИХОЛОГ:

Әрине бір жағынан аздап босаңсу дұрыс. Ол бізге болашақта басқа жағымды эмоциялар жинауғ септігін тигізеді. 

Маусымды күйзелісті адамдардың 10% бастан кешіреді екен. Көбіне ол 18 жастан кейін пайда болады.

 - Бәрі жақсы, Күйзеліске ұшырайтындай уақытымыз жоқ себебеі жұмыс көп.

 - Кей-кездері болып тұрад әрине. Күзде не болмаса қыста. Мұндай кездерде уақытымды отбасыммен не болмаса достарыммен көбірек өткізуге тырысамын.

 - Менде бүгінгі күнге дейін күйзеліс болып көрмеген.

Ең бастысы жағымсыз көңіл күйге бой алдырмаңыз, ол үшін өзіңізді туған-туысқандарыңызбен және сүйікті адамдарыңызбен қоршауға тырысыңыз. Осындай қарапайым қағидалардың арқасында сіз маусымдық күйзелісті және жағымсыз көңіл күйді айналып өтесіз.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...