ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«ЖАЙЛЫ АУЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ

17:30, 29 шілде 2020

Петропавлда «Жайлы аула» челленджі өтіп жатыр. Бұл - СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының бастамасы. Мақсат - көпқабатты үйлердің ауласын гүл бағына айналдырған тұрғындарды басқаларға таныстыру, үлгі ету.

Людмила Гиззатулина осыдан 3 жыл бұрын зейнетке шығады. Осылайша, көптен бергі арманы - гүл баптауға кіріседі. Еңбекқор жан бірер жылдың ішінде көп қабатты үйдің ауласын танымастай өзгертті. Түрлі-түсті гүлдер қазір өткен-кеткен жанға қуаныш сыйлайды. Зейнеткер оларды күніне екі рет суарып, арамшөптерден тазартады. Апта сайын зиякестерге қарсы у шашып, тіпті минералды тыңайтқыштарын да сеуіп отырады екен.

Людмила Гиззатулинаның ісі басқаларға үлгі болды. Бұл үйде 10-нан астам подъезд бар. Қазір барлығының алдында гүл өсіп тұр. Бұл әдеміліктен бөлек, хош иіс береді дейді Н.Назарбаев көшесі 156А мекенжайындағы үйде 41 жыл тұрып келе жатқан Қабдөш Дарбаев.

ҚАБДӨШ ДАРБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мақсатымыз осы аулаға гүл егіп, жоба келтіріп абаттандыру. Енді халық шын мәнінде осыған ұмтылып келе жатыр. Бұның бәрі өзіміз үшін. Адамға не жетпейді?! Адамға таза жепейді, осындай гүл жетпейді. Гүл деген адамның өмірі мен қызығы. Бүгін кедген.

Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын тұрғындардың бұл ісін көрсетпеске, үлгі етпеске болмайды деп санайды СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының «Журналистер» клубының мүшелері. Сондықтан олар жақында Петропавлда «Жайлы аула» челленджін жариялады.

ВАЛЕНТИНА КОРНЕВА, СҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз сұлулық әлемді құтқарады дейміз. Бірақ осы сөздің мағынасына терең үңілеміз бе, түсінеміз бе?. Баллар үлкендердің осындай игі ісін көрсін, халық бір-бірінен үлгі алсын дейміз. Әдемі, жайлы, таза аулада тұрған жаман ба? Сондықтан барлық қала тұрғындарын осы челленджге қатысуға шақырамыз.

Н.Назарбаев көшесі 156А мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындары аулаларына тек гүл отырғызумен шектелмей, алдағы уақытта қолдан жасалған сәндік фигуралармен әсемдемек.  

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар