ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ЖАЙЫЛЫМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

13:03, 9 тамыз 2019

Мал санын көбейтіп, ет өнімдерінің көлемін арттыру үшін жақсы жайылымдар қажет. Біздің өңірде 50-ден астам жайылым бар. Бірақ олардың жағдайы қалай, төрт түлікті жаюға жарамды ма? Былтырдан бастап СҚ ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандары «Қазақстан ғарыш сапары»  компаниясымен бірігіп өсімдіктерді зерттеу және олардың жаңа сұрыптарын ойлап тауып сынақтан өткізу жұмыстарын қолға алған. Бұл ауқымды жобаның нәтижесі қандай? Келесі бейнематериалдан толығырақ.

52 жылдық тарихы бар ғылыми зерттеу институтынында бүгінде 40-тан астам маман қызмет етеді. Олар өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытып, оның әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Бүгін де сол бағыттан жаңылмаған олар облысымыздағы егістіктердің, жалпы жайылымдардағы шөптің құрамын зерттеуді қолға алған. Мақсат төрт түлікке пайдалы азық болатын өсімдіктерді анықтау және жаңа сұрыптарды ойлап табу.

ЕРКЕГҮЛ ЕСМАҒҰЛОВА, ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бүгінде облысымызда 150 танап бар, оның 100 - егістік, ал 50-і жайылымдық алқап. Былтыр СҚ ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институты «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясымен келісімшартқа отырып сол алқаптарды зерттей бастады. Бұл бағытқа қажетті қаражат бөлініп, Венгрия, Франция, Ресей сынды елдерден түрлі өсімдіктердің сұрыптары әкелініп егілуде.

ӘЙІП ЫСҚАҚОВ, ӨСІМДІК ШАРУШАЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қызылжар ауданында институттың 8 гектар жері бар. Онда мамандар басқа елдерден әкелген өсімдіктердің сұрыптарын салыстырып, өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ мұнда студенттер келіп тәжірибеден өтеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар