ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ (ВИДЕО)

17:00, 8 қыркүйек 2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің бағдарламасына сәйкес Қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирі жалауын желбіретті. Осыған орай тікелей эфирде Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қонақта болып, бүгінгі шараға байланысты ойын ортаға салды.  «Әр нәрсенің өзінің ауыртпашылығы болады. Мұның барлығы қаншама азаматтардың еңбегімен іске асып жатыр. Біздің жастар әлі талай әлемнің де, Еуразияның да чемпионы болады», - дейді спорт саңлағы. Сонымен қатар, сұхбат барысында Олимпиада чемпионы қазақ күресінің деңгейі күннен-күнге өсіп келе жатқандығын жеткізіп, биылғы «Қазақстан барысында» Еламанның чемпион болуы - бұл жастардың өскендігі екенін айтты. Айта кету керек, бүгінгі «Әлем барысына» 40-тан аса мемлекеттің 43 балуаны жарыс жолына шығып, күштілерді  анықтайды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ӨРШІЛ РУХЫН ЕСКЕ АЛДЫ
21:37, 19 қаңтар 2018
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ӨРШІЛ РУХЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар