ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖАЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР КЕСІРІН ТИГІЗУДЕ

20:43, 20 ақпан 2020

Өңірде салықтан жалтарып жүрген кәсіпкерлер көбейіп кеткен. Олар негізінен қызмет көрсету саласында жүр және тауарды алып-сатумен айналысады. Дені кәсіптерін жауып, ізін суытқан. Солардың берешегін фискалдық орган ісін адал атқарып жатқан кәсіпкерлердің атына жазып жіберген. Жыл басынан осындай шағыммен өңірлік кәсіпкерлер палатасына 4 солтүстікқазақстандық жүгінді.  Айтуларынша, олардың атына мемлекеттік кірістер департаменті 274 млн теңге салықты жазған. Ал нақты кінәлілер тасада қалды.

ИНЕССА ҚУАНОВА, СҚО КП КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Алаяқтар кәсіптерін жауып, ізін суытқан. Жасаған істері мен келісім-шарттарын заң жүзінде ресімдемеген. Есепшілері фискалдық органға тиісті құжаттарды тапсырмаған. Содан осындай шикілік шығып отыр. Ақыр соңында басқа кәсіпкерлерге зияны тиді.  Ал салық органдары болса, сол пысықайларды іздемей, барлық борышты ісін адал атқарып отырған кәсіпкерлерге арта салған.Елімізде фискалдық және сот органдарының жұмысында ережені қолдану тәртібі бюджетті толықтыруға бағытталған. Соттар салықшыларды көбірек тыңдайды. Бұлтартпас айғақтар мен дәлелдің жоқтығын айтып кәсіпкерлердің ісін тереңінен қарап, бас қатырмайды

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...