ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖАҢА АСФАЛЬТҚА ЗАР БОЛҒАН АУЛА

20:33, 10 шілде 2019

Петропавл қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің тұрғындары жергілікті атқарушы билікке аулаларына асфальт төсеу туралы  өтініш беріп, бірнеше жыл қатарынан  жауап ала алмай келеді.  Олардың айтуынша, биыл да жоспарланған мекен жайлардың ішінде өз үйлерін таба алмапты. Мәселенің мән жайын арна тілшілері анықтап білді.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 286 үйдің тұрғындарының қатысуымен  осындай жиындар соңғы кездері жиі өткізіледі. Талқылайтындары асфальт мәселесі. Ауланың тас жолы әбден тозып, ойық-шұңқырларға толы. Өз күшімен мәселені шеше алмағандықтан жергілікті атқарушы билікке өтініштерін бірнеше мәрте жолдапты.

ГАЛИНА НИКОФОРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Бізді жоспарланған обьектілер тізіміне енгізген. Мен өткен жылы әкімдікке хабарласып білгем. Алайда биыл сұрағанда сендер тізімде жоқсыңдар деп жауап берді. Кейін жиналысқа шақырып, бастапқы тізімді жоғалтқандары анықталды.    

Сәния Хайрулина  үй қолданысқа берілгелі осында тұрып келеді. Зейнеткердің айтуынша, көршілерінің басым бөлігі егде жастағы адамдар мен мүгедек жандар. Осындай асфальттің үстімен таяққа сүйеніп жүру оларға қиынға соғатын көрінеді.

СӘНИЯ ХАЙРУЛИНА,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Балалар далаға самокаттарымен шығып, мынадай асфальтта құлап-сүрініп жатады. Мен өзім де жуырда шұңқырлардың біріне түсіп кетіп, қол-аяғымды сындырдым

Тұрғындардың бұл мәселесін жергілікті әкімдіктегілер біледі. Айтуларынша, бір мыңнан астам көп қабатты үйі бар облыс орталығында жөндеуді талап ететін аулалар жетерлік. Олардың бәріне бөлінген бюджеттік қаражат жептейді.  

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Бұл үйдің ауласы биылғы тізімге енгізілген жоқ. Алайда қосымша қаражат бөлінсе, міндетті түрде қарастырылады.

Яғни, тұрғындардың асфальт мәселесі қашан шешілетіні әзірге белгісіз.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...