ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖАҢА CALL-ОРТАЛЫҚ НӨМІРІ: 53-80-15

20:40, 2 шілде 2020

Петропавлдағы  нөмір 3-ші қалалық емханада коронавирус індетіне қатысты сұрақтарға жауап беретін жеке   CALL-орталық жұмысын бастады. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында жасалып жатқан шара.Енді өңір тұрғындары өздерінен  инфекция  белгілерін байқаса, 53-80-15 байланыс нөміріне хабарласып, кеңес сұрай алады.

Облысымызда ковид-19 вирусын жұқтырушылар саны күн санап көбейіп жатыр. Әрине, одан  емханаларға хабарласушылар санының ұлғайғандығын да байқауға болады. Ақ халаттылардың айтуынша, күніне емханаға 300ге жуық қоңырау түсіп, 100ге жуық шақыртуға жедел-жәрдем қызметі жіберіледі.

ӘЛИЯ ТӘШЕТОВА, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Емханада бұдан бұрын да колл орталық болып еді. Барлық сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлерге жазылу үшін тұрғындардың қоңырауына жауап беретін. Еліміздегі эпиджағдайға байланысты хабарласушылар саны күрт артып кетті. Енді жаңадан қосылған колл орталық коронавирусқа байланысты сұрақтарға жауап беретін болады.

Қосымша қосылған колл орталықта психолог пен  эксперт дәрігер отырады. Жауапты мамандардың айтуынша, көбіне өңір тұрғындары коронавирус індетінің белгілерін және анализ қорытындысын сұрайтын көрінеді. Және дене қызуым жоғары деп алдап шақыратындар да баршылық екен.

АЛТЫНАЙ БЕКМАҒАМБЕТОВА, ПСИХОЛОГ::

- Колл орталықта эксперт дәрігер бізбен бірге қоңырауларды қабылдайды. Кейбір адамдарды тыныштандыруға да тура келеді. Дене қызулары көтерілсе болды, көбісі вирус жұқтырдым деп ойлайды. Егер хабарласушылардың арасында вирус  белгілері бар тұрғын болса, жедел-жәрдем жібереміз. Ал тек кішкене сырқаттанған болса, учаскелік дәрігерге хабар береміз. Олар науқасты өз бақылауына алады.

3-ші қалалық емхананың қосымша колл орталлығына 53-80-15 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.  Қазіргі уақытта еліміздегі жағдайға байланысты, дәрігерлер күн-түн демей, өңір тұрғындарының саулығы үшін жұмыс істеуде.Сондықтан да, әрбіріміз ақ халаттылардың жұмысын жеңілдетіп, сақтық шараларын ұстанғанымыз абзал.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...