ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЖАҢА МАЛ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

18:06, 2 қыркүйек 2019

Өңірімізде соңғы жылдары туған ауылының экономикасын көтеріп, түрлі кәсіпорындар мен ауылшаруашылық нысандарын ашып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Солардың бірі Нұр-Сұлтандық Абзал Кәкімов. Елордалық инвестор өзі туып өскен Уалиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында 1400 ірі қараға шақталған кешен салып, елді мекен тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.

Қайрат ауылындағы мал кешені жақында өз жұмысын бастайды. Базаны  салу үшін елордалық кәсіпкер Абзал Кәкімов 70 млн теңге инсвестиция құйған. Ірі қараға шақталған қораларда асыл тұқымды мал басы көбейтіледі. Оған қажетті жем-шөп пен техника түгел. Бұдан ауыл тұрғындары да ұтпақ. Қазірдің өзінде қайраттық 13 азамат жұмыспен қамтылды.

АБЗАЛ КӘКІМОВ, «KAZ G INVEST» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін міне елде де, менде де қуанышты күн. Қосымша жұмыс орындары ашылды. Мін тікелей айта алам бізде қызмет 12 ай бойы жұмыс істейді. Жалақыларын алыпғ әлеуметтік жағдайларын жасайтын мүмкіндік туып отыр. Жұмысшыларымызға отын беріледі, одан кейін малдар болатын болса оларға да көмек беріледі.  

Кешен 1400 ірі қараға шақталған. Серіктестік 100 герефорд және қазақтың ақ бас сиырын сатып алыпты. Бұл бағытқа инсвестор 60 млн теңге жұмсаған. Оның айтуынша алдағы үш жылда шыққан қаражат толығымен өтеледі. Сондықтан болса керек ет бағытын дамытуды жоспарлаған.  

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Елімізде 2017 жылдан бастап Ауыл шаруашылықө өндірістік коопертив терін дамыту бағдарламасы іске қосылған болатын. Осныдай кооператиы «KAZ G INVEST» деген біздің ауданымызда тіркеліп, ашылды. Негізі соның төрағасы Қайрат ауылының тумасы Абазал Кәкімов. Нұр-Сұлтан қаласынан елге келіп екі мал қорасын іске қосып отыр.

Бұл кешеннің қолданысқа берілуі елді мекеннің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына да септігін тигізбек.  

ЕРЖАН БІТНИЕВ, ҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Енді бұл ауыл үшін өте пайдалы себебі көптеген жұмыс орындары ашылады, болашақта осы жерден ет өнімдері шығарылады, сүт өнімдері шығарылады. Бұл Қайрат ауылына жасалынып жатқан игі шара. Бұл дегеніміз ауылдың тамырына қан жүгіріп жатыр деген сөз. Басқа да алыстағы ағайындарға үлгі болады деп санамыз.

Кешеннің ашылу салтанаты Конституция күнімен тұспа – тұс келіп, ауыл халқы қос мерекені бірдей атап өтті. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өз жұмысын адал атқарған түрлі сала мамандары марапатқа ие болды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...