ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

18:01, 23 қазан 2019

Петропавлда осыдан үш апта бұрын облыстық білім басқармасы және Болат Өтемұратов қорының қолдауымен "Асыл мирас" аутизм орталығы ашылды. Оңалту орны соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықтың жұмысымен облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері танысып қайтты. Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Б. Өтемұратов қоры «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы аясында еліміздің 8 қаласында осындай заманауи орталықтар ашқан. Ілкімді іске 12,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалды. Мамандардың мәліметінше, өңірде 400-ден астам бала аутизммен ауырады.

ҚАЙЫРЛЫ ЕДІРЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Біздің ауылды жерде не болады. Сондай бір орталық Тайыншада ашылыпты. Енді Смирновта ашамыз деп отыр. Сондықтан біздің ата-аналарға айтатынымыз ертерек ұялмай бала сөйлей алмай жатса, бала дұрыс тыңдай алмай жатса осында әкеліп көрсетіп, осылай емдесе, дұрыс болып, жаңа айтып жатыр түзету мектебін бітірген оқушылар жақсы нәтижелерге жетіп жатыр. Жоғары оқу орнында оқып жатыр. Сондықтан бұл біздің халыққа көрсеткен жақсылығы деп ойлаймыз.

Қазір, оңалту орталығына 150-ден астам бала жазылыпты. Мұнда балғындармен логопед, психолог, дефектолог секілді 13 білікті маман жұмыс істейді.

НАТАЛЬЯ КРЫЛОВА, «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ата-аналардың қуаныштарында шек жоқ. Орталықтың ашылғанына көп уақыт өтпесе де, бұл әлеуметтік жоба өз жемісін бере бастады. Балалардың денсаулықтары жақсара түсті. Мұнда олар аптасына үш мәрте келеді. Науқастармен біздің білікті мамандар жұмыс істейді. Орталыққа келуші жандардың қатары күн санап артып келеді. 

Бұл орталық - ата-аналардың көптен күткен арманы еді.

ИРИНА БУХАРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді емделу үшін басқа елдерге барудың қажеті жоқ. Қызым үш аптаның ішінде өздігінен отырып, тамақ ішуді үйреніп алды. Балалармен араласып, өзіне жаңа достар тапты. Қуаныштымын. Осындай орталықтар көбейе берсін. 

Сонымен қатар, жыл соңына дейін балалардың тыныс алуы жеңілдеуі үшін «барокамера» сатып алынады. Оған 50 млн.теңге бөлінген.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН  АВТОПАРК АШЫЛДЫ
18:09, 20 қараша 2019
СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН АВТОПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар