ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЖАҢА РЕКОРД

13:01, 12 тамыз 2019

Жамбыл ауданындағы Шатило и К ЖШС егілген күздік бидайдан гектарынан 71,4 центнерден өнім алды. Тіпті кей тұстарда 100 центнерге дейін жеткен. Мол өнім алудан жаңа рекорд орнатқан диқандардың жетістігі  арна тілшілерінің бейнематериалында.

«Шатило и К» ЖШС бас инвесторы  «Атамекен агро» АҚ. Шаруашылықтың 2008 жылы негізі қаланған. 34 мың гектар егістік алқабы бар. Оның 23мың гектарына дәнді, ал 10 мыңына майлы дақылдар себіледі екен. 780 гектарға күздік бидай еккен олар биыл ел бойынша рекордтық өнім алып отыр.

ОЛЕГ АДАМ, «ШАТИЛО И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Күздік бидайды жинадық. 3 бригададан 50 центнерден алдық. Ал 100гектар жерден 71,4 центнер жинадық. Өткен жылмен салыстырған  өте жақсы. Орташа көрсеткіші 38 центнерді құрап отыр. Қазыр күзгі бидайды қайта себу жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Тазалап, дәрілеп болған соң 15 тамыздан кейін қайта егеміз. Биыл 1500гектар алқапқа  егу жоспарланған. Егіп болған соң қыс бойы қар астында жатады. Келесі жылы осы уақытта жинаймыз.

Серіктестік тек қана күзгі  бидай емес, соя, арпа, жасымық   тағы да басқа дақылдар егеді. Мәселен, былтыр алғаш рет күзгі қара бидайды 284 гектар жерге септі.  Қазіргі уақытта егін ору науқаны қарқынды жүргізілуде.  Мол астықты шашпай-төкпей жинап алуға мұнда бар мүмкіндік бар. Алқаптарда 10 класс және 7 вектор комбайны жүр.

ОЛЕГ АДАМ, «ШАТИЛО И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Техникамыз жаңа. Электронды жүйе енгізілген. Комбайыншыда буенкеристің карточкасы болады. Комбайн толған кезде, артынан белгі ретінде түрлі-түсті жарық жанады. Уақытты кетірмес үшін, комбайындағы егін бункерге төгіле береді. Қанша  бидай жиналды барлығын электронды түрде көрсетіліп отырады. Есептен жаңылмайсың.

Жамбыл ауданындағы егістік алқабының 36 пайызы дәл осы «Шатило И К» кәсіпкерлігіне тиесілі. Жалпы ауданда 42 серіктестік, 185 шаруа қожалығы бар. Оның 5-еуі ірі, әрі егістік көрсеткіші бойынша көш бастап тұрғандар.

ПЕТР ПЕТРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Жалпы ауданда осы жылы 185,1 мың гектардан дәнді, ал 77,6 мың гектар жерден майлы дақылдар жиналады деп жоспарланған. Әзірше 1 серіктестік күзгі бидайды жинауды бастады. Қалғандары да жақын күндері жақсы ауа-райы болса жұмысқа кіріседі. 524 комбайн бар. Жұмысшылар 2 ауысыммен жұмыс істейді.

Айта кету керек, аудан бойынша тек «Шатило ИК» ЖШС ғана күзгі бидай егумен айналысады екен. Жалпы шаруашылық астықты қыркүйек айының соңына дейін  жинап алмақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар