ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17:28, 4 тамыз 2020

Береке ықшам ауданында жаңа саябақтың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қалалықтарға арналған демалыс орнында амфитеатр, субұрқақ орнатылып,  балаларға арналған ойын алаңы пайда болмақ. Қазіргі уақытта  мұнда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандармен тілдесіп қайтқан әріптесім айтып берсін.

Жаңа саябақта еуропалық қарағай, сүйелді қайың, үйеңкі және ұсақ жапырақты жөке ағаштары отырғызылады. Мамандардың айтуынша, қала аумағындағы   демалыс орындарында 7 мен 10 жастағы көшеттерді отырғызу маңызды болып отыр. Сондай-ақ, ағаштардың биіктігі 2 жарым метрден 3 жарым метрге дейін жетуі шарт.   

АРТУР РЯЗАПОВ, ПЕТРОПАВЛ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жаз уақытында ағаштарды отырғызу технологиясы 70 жылдары қалыптасқан болатын. Ботаникалық бақтың мамандары саябаққа келіп, көшеттері егу қарқынын бақылауда ұстайды.  Бұл жерде  жұмыс істеп жатқан «Шатыр групп» құрылыс компаниясы  біздің көмегімізге жүгінді. Мұнда агротехникалық талаптар толық  сақталған.

Құрылыс жұмыстарына жауапты компания көшеттерді күтіп баптауға арнайы техника  да сатып алған. Ағаштар жаздың бел ортасынан бастап таңғы 8-де және кешкі 11-де суарылады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ :

Ботаникалық бақ мамандарының сөзінше, жасыл желектердің 90 пайызы жерсініп, жапырақ жаяды. Жаңа саябақ  қазан айының соңында халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...