ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ЖАҢАРҒАН ӘЛІПБИМЕН ЖАЗЫЛҒАН ДИКТАНТ

18:04, 10 қыркүйек 2019

Петропавлдықтар  жалпы халықтық акцияға үн қосып, «Жастар жылы» тақырыбынДа  латын графикасымен диктант жазды.  «Мың бала» атты мәдени-ағарту жобасы аясында ұйымдастырылған шара өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгеруге септесуге негізделген. Бір айта кететіні, жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясы жобаны соңғы 5 жыл қатарынан үзбей жүзеге асырып келеді. Диктант жазуға жоғарғы және орта білім беретін мекемелердің студенттері мен этномәдени бірлестіктерідің өкілдері қатысты.

Бүгін сағат 11.00-де республиканың барлық өңірлері жаппай диктант жазуға кірісті. Бір ерекшелігі олар міндетті түрде латын әліпбиімен жазДЫ. облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері де қалыс қалмай қолдарына қалам-қағаз алды.

БОГДАН ПЕТРОВ, СҚО  ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ  «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Текст қиын емес, А4 форматындағы бір бетт көлемінде. Барлық тыныс белгілері бар. Әр қатысушының алдына латын әліпбиін беріп қойдық . Егер белгілі бір дыбысты таңбалауда сұрақтар болса, қарай алады.

Акцияға қатысушылар сәл қобалжып отырған сияқты.  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті, медицина саласының болашақ маманы  Айжан Ондырханова  мектепте диктанттардың барлығын  5-ке жазып жүріпті. Ал осы жолғы сынақ  латын әліпбиін қаншалықты меңгергенін байқауға мүмкіндік бермек.   

АЙЖАН ОНДЫРХАНОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

Ассамблеяда өткен Жалпы халықтық диктанқа  50-ден астам адам қатысты. Олардың барлығы сыннан сүрінбей өтіп,  сертификатқа ие болды. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...