ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

17:53, 13 наурыз 2019

Петропавл қаласының тұрғыны Неля Штайнбернер тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға көмектеседі. Қазіргі таңда оның үйінде өзінен басқа тағы 8 жан тұрып жатыр.  Неля Михайловна тағдырдың тәлкегіне түскен жандарға барынша қолдау көрсетуді азаматтық борышы санайды.Яғни, құжаттарын жинап, жұмысқа да орналастырып, өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге тырысуда. Бұдан басқа күн сайын бейімдеу орталығына барып, тамақ пісіріп береді екен. Толығырақ әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Сегодня у нас на обед плов. Сейчас приготовим и будем кушать. Все одной семьей.

Жұмысшы кентінде орналасқанбұл ұядай үйде барлығы 9 адам тұрады.Бұған дейін  үй-күйсіз жүрген 8 жан Неля Штайнбернердің үйінен пана тауып отыр.Қазір олардың тамағы тоқ, жататын жерлері жылы. Солардың бірі - Евгений Степанов-30 жыл бұрын баласымен сөзге келіспей қалып үйден кетіп қалған екен. Сол кезде ол әуежайда механик болып жұмыс істеген. Ал 5 жыл бұрын қайғылы оқиғаға байланысты  Евгений бәрінен айырылады.

ЕВГЕНИЙ СТЕПАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2-жыл бұрын аязда аяғымды үсітіп алдым. Кейін ол іріндей бастады. Содан соң дәрігерлер амалсыздан тізеден жоғары аяғымды кесті.  Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Уақытылы тамақтандырады. Неля Михайловнаға алғысым шексіз.

Неля Штайнбернер далада қаңғып қалған азаматтарға 2015 жылдан бері көмектесіп келеді. Оған бір жәйт себеп болған.  Осыдан 4 жыл бұрын онкологиялық ауруға шалдыққан Неля Михайловнаға дәрігерлер «сенің аяққа тұрып кетуін екі талай» деген екен. Дегенмен,өмірге деген құлшыныс, қайсарлық пен  батылдық танытқан ол дерттен айығып, сол күннен бастап қайырымдылықпен айналысуға бел буады.

НЕЛЯ ШТАЙНБРЕНЕР, «НАДЕЖДА.ВЕРА. МИЛОСЕРДИЕ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Менің ойымша қайырымдылықпен әрбір жан айналысу керек. Қартайған адамды қалай далада қалдыруға болады. Олар жұмыс істей алмайды ғой. Сондықтан мен осы жандарды өз үйіме алдым. Қазір барлығымыз бір адамдай тату тәтті өмір сүріп келеміз. Қиыншылықтар бар әрине. Бірақ,жерлестеріме рахмет. Олар барынша көмек қолын созады. Киім әкеледі. Азықпен де көмектеседі.

Айта кету қажет, Неля Михайловна келешекте Боголюбово ауылында үй-күйі жоқ кезбелерге орталық ашқысы келеді. Қазір ол ой-арманын жүзеге асыру мақсатында қаражат жинау үстінде.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА АСТАНАМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛДЫ
20:12, 21 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА АСТАНАМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛДЫ
Толығырақ...
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛА БЕРЕДІ
20:10, 21 наурыз 2019
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛА БЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...