ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖАРАМСЫЗ ЖЕДЕЛСАТЫНЫҢ ЖЫРЫ

17:59, 2 тамыз 2019

Көпқабатты тұрғын үйді жедел сатысыз елестете аласыздар ма?Жоқ, шығар.  Ал, Хименко көшесіндегі 9-шы үйдің тұрғындары осы мәселені жылдар бойы  шеше алмай келеді. Тұғындар ойлағандай лифтті орнату үшін қажетті қаражатты жинау жеткіліксіз болып шықты. Сонда, пәтер иелеріне не кедергі болып отыр? әріптесім анықтап көрді.

- Вот так каждый день по несколько раз поднимаемся на 6 этаж. Иногда молодые люди идут и помогут донести, а так в основном всё пешочком, почти на корячках, когда ноги разболятся.

Анна Ступак  жоғары қабатқа күн сайын  жаяу түсіп-шығудан шаршағаннан, уақытша туыстарының үйіне тұруға кетіпті.  Хименко 9 мекен-жайы бойынша орналасқан бұл тұрғын үйде пәтерлерді сатудың  өзі қиын көрінеді. Сатылса да тек 4 млн теңгеге  ғана. Ал қаладағы басқа тұрғын үйлерде мұндай шаршы метрдегі пәтерлер екі есе қымбат тұрады.

АННА СТУПАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бұл жерде тұрғаныма 21 жыл болды. Сол уақыттан бері жедел саты істемейді. Шындығын айтқанда шаршадық. Әр қабатқа  аракідік тоқтап,  кішкене демалып барып  шығамыз. Қызым немеремді көтерсе, ал мен оның  бесік арбасын көтеремін. Тек маған ғана  емес, барлығына қиын.

Тұрғын үйдің екі корпусында 500-ден астам адам тұрады. Көбісінің жоғары қабатқа көтерілуге денсаулығы жарамайды. Барлық пәтер иелері жақында бұл мәселе шешілер деген үмітпен аулаларын барынша көгалдандырып, қалпына келтірген.

АЛЕКСАНДР МИХЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

-Менің жасым 72-де. Өздеріңіз елестетіп көріңіздерші, бұл жаста жаяу жоғары қабатқа көтерілу қандай қиын. Қалалық әкімшіліктен  көмек күтеміз. Біз әрқашан ауламыз бен подъездерімізді таза ұстаймыз.

Пәтер иелері кооперативі өкілдерінің сөзінше, 2012 жылы лифт мәселесі көтеріліпті. Сол уақытта жедел сатының құны 7 миллион теңге болған. Барлық тұрғындардың келісімін жинағанша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аяқталып қалған.

ОЛЬГА КАЗАНЦЕВА, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бізді содан соң, «өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасына енгізді. Қазіргі таңда, бұл да бағдарлама өз мәресіне жетіп, бізге екінші мәрте ақша бөлінеді деді. Тағы 8 көпқабатты үйде лифт жоқ екен, енді бізді де осы тізімге енгізді.  

Алайда, өңірлерді дамыту бағдарламасы 2015 жылға дейін жұмыс істеген. Аталмыш бағдарлама аясында 4 жыл көлемінде қалада 32 лифт вахтасы жөнге келтірілген. Қалалық әкімдік мамандарының түсініктемесіне сүйенетін болсақ, қазіргі уақытта мұндай бағдарламалар жоқ.

МАДИЯР ЖАНГУДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

- Инфрақұрылымдық даму индустрия министрлігі Тұрғын үй Коммуналдық Шаруашылығы саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуде, әкімдіктер қайтарымды негізде лифт жабдықтарын күрделі жөндеуге  арнайы қаржы бөлгілері келеді. Егер бұл заң жобасын қабылдайтын болса, онда әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізе алады.

Қорытындай келсек, Хименко 9 мекен жайы тұрғындарының 2 шешімі бар. Біріншісі - қажетті соманы жинап, лифтілерді өз күштерімен жөндеу. Бұған 9 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Ал екінші жағдайда, заң жобасындағы өзгерістерді күту. Жалпы Петропавлда қазіргі таңда 178 лифті  ауыстыруды және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...