ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ҚАНАТ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ 70-КЕ ТОЛДЫ

13:01, 10 шілде 2019

Белгілі журналист, жазушы, СҚО Құрметті азаматы, «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры – Жарасбай Сүлейменов 70 жасқа толды. Облыс орталығында осығана орай «Азамат. Қаламгер. Қайраткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Өзге өңірлерден келген ақын, жазушылар мен ғалымдардың басын қосқан шарада жаңа кітаптардың да тұсауы кесілді.

Жарасбай Сүлейменов 1949 жылы 9 шілдеде Шал ақын ауданы Балуан ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын шопандықтан бастаған қоғам қайраткері 70-ке толып, Петропавлда мерейтой иесіне арналған республикалық конференция өтті. Жазушыны төл мерекесімен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Руслан Әлішев құттықтады.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жарасбай Қабдоллаұлы тілшілік етіп, тіршіліктің сан түрлі түйіткілдерін көтеріп, көптеген мәселенің шешілуніе зор ықпалын тигізді. Басшылық қызметтерде қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, «Солтүстік Қазақстан» газетінің аяққа тұруына да еңбегі сіңген.

КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ:

- Мен айтар едім, осы басылымның бұрын-соңды болған басшыларының ішіндегі осы редакцияға, Мағжан рухы асқақтаған шаңыраққа сіңірген еңбегі ерекше. Соның нәтижесінде СҚ газетіне баспана бұйырды, таралымы тарихында тұңғыш рет 10 мыңнан асты, оған қоса қалалық «Қызылжар нұры» газетін ашты. Ж.Қабдоллаұлы 2003 жылы СҚ газетінің бас редакторы болып тағайындалған кезде газет қызметкерлерінің еңбекақысы төмен болатын, ол мәселені де шешті.

Конференцияда Жарасбай Сүлейменовтің атқарған еңбегі, шығармалары жайында айтылды. Мерейтой иесін құттықтай келіп, шапан жауып, құрмет көрсеткендер де болды. Үзеңгілес құрдастары, Парламент қабырғасында бірге қызмет еткен әріптестері де бұл жиында төбе көрсетті.

ҚУАНЫШ АЙТАХАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, Э.Ғ.Д.:

- Петропавл қаласын Қызылжар қаласы деп атау туралы ұсынысы, оны дәлелдеп, ғылыми түрде, мұндай ұсыныс 1925 жылы болған. Керек болса атқару комитетінің шешімі қабылданған, Одақтық «Правда» газетінде осындай мақала жарияланған деп дәлелдеп барып көтерген мәселелері, ұлттық құндылықтар жөнінде айтқан мәселелерін өте риза болдым.

САБЫР ҚАСЫМОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАҺАРМАНДАР» ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ж.Сүлейменов өте маңызды, халқымыздың алдында тұрған тіл мәселесі, анамастика мәселесі, қауіпсіздік, қазақ халқының қазіргі жағдайы, болашағын терең күрделі түрде көтеретін.

Бұл күні сондай ақ мерейтой иесінің біліктілігі, қайраткерлік тұлғасы мен азаматтық келбеті де сөз болды. Мағжантанушының шығармалары мен өлеңдері де қазақ әдебиетіндегі жаңа дүниенің бастауы деп бағалағандар да бар.

ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙ, БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ, ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ:

«Сөнбейтін шырақ» деген М.Жұмабайұлына арналған еңбегі ол Мағжанның рухына қойылған әдеби ескерткіш деп бағалауға болады. Бұл бір жағы ғылыми-танымдық, бір жағы көркем-әдеби, бір жағы эссе формасына ұқсас трансформациялық өзгеріске ұшыраған жанрларды қамтыған үлкен шығарма. Сондықтан бұл Мағжантанудағы жаңа дүниенің басы деп бағайлмыз.

БҮРКІТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Туған күн иесіне арналған ерекше сыйлықты жазушының ұлы Олжас Сүлейменов пен немересі Мадина Сүлеймен жасады. Олжас қоғам қайраткерлерінің, Жарасбай Сүлеймсновтың замандастары мен достарының пікірлерін жинақтап, «Әке жолы» кітабын шығарса, немересі Мадина атасымен сұхбатын «Сырымды саған айтамын» кітабын жарыққа шығарған.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Кеш барысында аталмыш екі кітаптың тұсауы кесіліп, конференцияға жиналған қонақтарға таратылды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ҚАНАТ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 19 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ҚАНАТ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...