ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ

13:05, 14 ақпан 2020

Петропавлда  «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Ол «Рухани жаңғыру» жалпы ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жарысқа өңіріміздің 7 мен 11 сынып аралығындағы 130-дан астам оқушысы қатысты.  

Олимпиада «Жас қаламгер», «Білгірлер бәйгесі»,» «Сөз шеберлері» сынды 5 бағыт бойынша өтті. «Әнші бұлбұлдар» аталымында   бағын сынап келген Салтанат Қоспанова Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы лицейдің оқушысы.8 жасынан ән айту үйірмесіне қатысып жүрген Салтанат бүгінгі додада Роза Рымбаеваның «Атамекен» әнін орындады.

САЛТАНАТ ҚОСПАНОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл аталымда туған жер немесе қазақ тілінде басқа да ән орындау қажет деген талап қойылды. Сондықтан таңдауым осы туындыға түсті. Өзім альт дауыс иесімін. Роза апайдың орындауы әрине өте керемет, мен де сол кісі секілді әдемі айтып шықсам ба деймін.

Игі дәстүрге айналған олимпиада соңғы рет біздің облысымызда 2018 жылы өткізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша сол себепті биыл қатысушылардың саны әлдеқайда артқан. Сонымен қатар, осы жолы өнерпаздар «Бейнелеушілер» деген  жаңа аталымда үздіктерді анықтады. Жалпы олимпиада 5 номинация бойынша  өтті.

ӘСЕЛ ЕСІМСЕЙІТОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- «Жарқын болашақ» олимпиадасының өткізілу мақсаты келешек ұрпаққа, оқушыларға 7-11 сынып оқушылары арасында тіл әдебиеті бағытында жас дарындарды анықтау. «Бейнелеушілер» аталымы биыл бірінші рет өткізілуде. Оған 30ға жуық оқушы қатысуда.

Ал Алина Тлеумбетова өзінің бағын «Бейнелеушілер» аталымында сынап көрді. Ереже бойынша оларға 5 түрлі ертегінің тақырыбы беріледі. Олар қиял-ғажайыпқа толы оқиғаны    4 сағаттың ішінде  қағаз бетіне түсіруі тиіс. Яғни, қазіргі жастар арасында жақсы танымал комикс түрінде салулары қажет.

АМИНА ТІЛЕУМБЕТОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл номинацияда біз өзіміздің шығармашылығымызды және бар білетін ертегілеріміздің образдарын ашып, салуымыз керек. Мен өткен жылдары да қатысқанмын. Бірақ биыл өзімді осы аталымда сынағым келеді.

Жылда өткізілетін олимпиаданың басты мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту. 1,2 және 3 орын иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздіктер сәуір айында елордада өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...