ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

20:33, 5 шілде 2019

Петропавлдағы оқушылар сарайы Қазақстанда телапия өсіретін жалғыз орын. Балықты жас ғалымдар көбейтіп жатыр.  Экологиялық таза өнімге жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр.  Бүгін оқушылар сарайы мен ресторан арасында әріптестік жөнінде алғашқы меморандумға қол қойылды.

Гидропоника бұл таза табиғи өнімді алуға мүмкіндік береді. Оған осында өсіріліп жатқан өсімдіктер мен балықтар дәлел. Оқушылар сарайындағы биологиялық ғылыми бөлімге балалардың қызығушылықтары ерекше. 7 айдың ішінде олар 3 грамм шабақтан  400 граммдық телапия балығын өсіріп шығарды.

СЕРГЕЙ ПОПРАВКИН, ҒЫЛЫМИ-БИОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ ОҚУШЫСЫ:

-  Біз оларды күніне  4 рет тамақтандырамыз. Аталмыш балықты таңдаған себебіміз, ағзаға пайдалы. Б,Е,және К дәрумендеріне бай. Сонымен қатар, йиод, магний, кальций, натрий темір бар.

Балық қа жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытқан. Петропавлдық мейрамханалардың бірі оны енді ас мәзіріне қосуға әзір. Сондықтан бүгін оқушылар сарайы мен ресторан арасында меморандумға қол қойылды. Оқушылардың өсірген балығы бизнес көзіне айналмақ.

НҰРЗИЯ МАЙЛИНА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ІТ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін оқушылар сарайы мен хуторок мейрамханасы меморандуғмға қол қойып отыр. Біз үшін маңызды шара, еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз.  балалар өз қолдарымен өсірген балықты хуторок рестораны  ас мәзірінде қолданатын болады. 

Балық пен көкөністерді бірге өсіру аз қалдықты технологиялық кешен болып табылады,онда барлық элементтер өзара байланысты және өзіндік экожүйені құрайды. Алдағы уақытта оқушылар сарайының экоөнімдері басқа да кәсіпорындардың  қызығушылықтарын арттырады деген үміт бар.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...